Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет60/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.
 
Кәсіпкерлік қызметті кадрмен қамтамасыз етудің мәні неде? 
2.
 
Еңбек ҧжымын басқаруда қандай әдістер қолданылады? 
3.
 
Ҧйымдастырушылық-әкімшілік әдістер басқарылушы 
объектке қандай әсерін тиігізеді?
4.
 
Персоналды басқарудың экономикалық әдістерінің мәні неде? 
5.
 
Еңбек ҧжымын басқаруда қандай әлеуметтік – экономикалық 
әдістер қолданылады?
6.
 
Дара еңбек келісімшартының мәні неде? 
7.
 
Адамдарды басқарудың негізгі қағидалары қандай? 
8.
 
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын жоспарлауды 
ашып кӛрсетіңіз. 
9.
 
Қызметкерлерді жҧмысқа тарту ҥшін кәсіпорында қандай 
әдістер қолданылады? 
10.
Кәсіпорында жҧмысшылардың бос орнын толтыру ҥшін 
кандидаттарды таңдау барысында қандай әдістер 
қолданылады? 
 



99 
 
7
 
- тақырып: 
 
7.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАР 
Кәсіпкер ӛз қызметін нәтижелі тҥрде жҥзеге асыра алатын, тиімді әріптестік 
байланыстарды қажет етеді. Сондықтан әрбір кәсіпкер ӛз қызметін ҧйымдастыру
және бизнес – жоспарды жасау барысында міндетті тҥрде қажетті және тиімді 
әріптестік байланыстарды орнату мҥмкіндігін қарастырады. Осы жҧмыстың 
аясында нарықтың қажетті инфрақҧрылымын қҧрайтын, кӛптеген қызмет 
кӛрсететін ҧйымдар бар, олардың кӛмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-
қатынастарды орнатып коммерциялық операцияларды жҥргізе алады.
Әріптестік байланыстар негізінде кәсіпкерлер экономикалық тиімділікке
қол жеткізу ҥшін әрбір жеке әріптес – кәсіпкермен ӛзара қарым – 
қатынастардың ең тиімді тҥрін таңдап алуы қажет. Бизнес аясында әріптестік 
байланыстар іскерлік жобаны жҥзеге асыру бойынша кәсіпкерлік іс-
әрекеттердің маңызды қҧраушы элементі ғана емес (нарықтың жҥйемен, 
жалдамалы қызметкерлер ҧжымымен, әріптестермен ӛзара қарым - қатынастар), 
кәсіпкерлердің коммерциялық қызмет нәтижесінде олардың белгілі бір 
деңгейде пайда табу мен бірнеше кәсіпкерлер арасындағы мәмілелік 
жҧмыстардың тиімділігінің кӛрінісі де болып табылады.
Әріптестік байланыстардың келесідей тҥрлері болады: 

тҧрақты немесе ҧзақмерзімді; 

қысқамерзімді; 
♦ кездейсоқ (спонтанды) келісімшарт. 
Тҧрақты немесе ҧзақмерзімді әріптестік байланыстар
кәсіпкер нарыққа 
тауар шығару мен қызмет кӛрсетуді ҧзақ мерзімге жоспарлаған кезде 
қолданылады. Байланыстың мҧндай тҥрі жасалған келісімшартты қажеттілікке 
байланысты ҧзарту жолымен жҥзеге асырылады. 
Қысқамерзімді әріптестік байланыстар
кәсіпкер тауардың тәжірибелік 
партиясын нарыққа әкеліп, оның жаңа тауарға деген сҧранысын анықтау және 
ӛзара келісуші тараптар ретінде шығатын екі кәсіпкер де ӛзіне жҥктелген 
міндеттерді орындау арқылы, бір-бірінің мҥмкіндіктеріне сенімді болған 
жағдайларда қолданылады.
Кездейсоқ (спонтанды) келісімшарттық әріптестік байланыстар
кәсіпкерлер қызметінде әрқашан қосалқы рӛл атқарады және қосымша пайда 
табудың қарапайым тҥрі болып табылады.
Кәсіпкерлік 
әріптестік 
байланыстар 
келісімшарттар,
келісімдер, 
контрактілер негізінде қҧрылады және қалыптасады. 
Олар
 
әріптестердің 
қҧқықтары мен міндеттерін, шығындардың орнын толтыру мен пайданы 
ҥлестіру тәртібін, әріптестік қызметтің мерзімдерін, оны тоқтату шарттарын 
және т.б. реттейді. Әрбір кәсіпкер әріптестік байланыстардың ең тиімді тҥрін 
іздеуге мҥдделі. Бҧл тҧрғыда жақсы нәтижеге, ынтымақтастықтың әртҥрлі 
ҧтымды нҧсқаларын салыстыру, талдау арқылы жетуге болады 
(8-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет