36.1.Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін
құқықтық қорғау
Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық,
физикалық,санитарлық – гигиеналық және басқа да әдістерді
қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау – бұл мемлекеттің
экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір
әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды,
қаулыларды, басқа да нормативтік – құқықтық актілерді шығарудан
және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде «Қазақстан
Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы,
«Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама»
заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау – бұл табиғат пен адамның өзара
үйлесімді іс – қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға,
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны
қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Қоршаған ортаны
қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:
333
1) Адамның өмірімен денсаулығын қорғаудың басымдылығы,
халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған
ортаны сақтау және қалпына келтіру;
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар
жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және
болашақ ұрпақтарының сауатты және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның
әлеуметтік – экономикалық міндеттері мен проблемаларын
теңдестіре отырып шешу;
3) Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экология-
лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи эколо-
гиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4) Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру,
табиғи пайдаланғаны үшін кезең – кезеңмен ақы төлеуді енгізу
және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан
ынталандыруды енгізу;
5) Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық,
ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған
орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік
реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін
жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған
ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) Халықтың қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін –
өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорқау саласына
белсенді түрде демократиялық жолмен қатысуы;
9) Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі
дегеніміз – экология құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында
қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
а) қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;
б) табиғат объектілерін қорғауды бекітетін, шектетін, рұқсат
беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;
в) олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;
г) қоршаған табиғи орта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
және шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.
334
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойып
жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азып – тозудан, ластанудан,
ұтымды пайдаланбаудан және өзеге де зияндық ұқпал етуден;
жер, оның қойнау, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзгеге
де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер,
климат және жердің озанды қабаты қорғалуға тиіс. Экологиялық,
ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаның
обьектілері, сондай – ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
да ерекше қорғалуға жатады.
Қоршаған табиғи ортаның құқықтық нормаларын үш топқа
бөлуге болады.
Бірінші топқа табиғатты қорғау заңдарының құрамына
кіретін құқықтық нормалар жатады. Бұл табиғатты қорғауға
арналған заңдар мен қаулылар. Олар жерді, ауаны, суды,
орманды, жануарларды және т.б. қорғауға байланысты жалпы
экологиялық талаптардан тұрады (Мысалы, ҚР Президентінің
«Жер туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы» заң күші бар Жарлықтары,Орман және Су кодекстері,
«Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы», «Жануарлар
дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы»заңдар және
басқа актілер). Мұндай талаптар шаруашылық қатынастарға
шаруашылық заңдылықтар арқылы оларды экологизациялау
жолымен әсер етеді. Сондықтан да, екінші топқа экологиялық
талаптарды көрсететін шаруашылық заңдылықтары, басқа салалар
заңдылықтарының құқық нормаларынан тұрады. Экологиялық –
шаруашылық нормалары негізінде табиғатты қорғау императивтері
іске асатын техникалық нормалар мен стандарттар әзірленеді.
Көрсетілген нормалар мен стандарттар өндірістік және басқа да
обьектілерді қолдану, жоспарлау, жобалау, құрылысын жүргізу
және пайдалану кезінде қолданылады.
Бұл нормалар тобы қоршаған ортаның құқықтық механизі-
мінің бір жағын ашады, оның басқа жағы кепілдік жүйесі
болып табылады. Оған жататындар: экономикалық кепілдіктер
( жоспарлау,ынталандыру) ұйымдық (басқару, бақылау), заңдылық
(жауапкершілік), идеологиялық ( тәрбиелеу).
Атмосфералық ауа қоршаған табиғи ортаның негізгі өмірлік
маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Атмосфера
космостық зиянды сәулелерден қорғайды, жалпы планетаның
және жергілікті бір жердің климатын анықтайды, адамдардың
335
денсаулығына, еңбек қажеттілігіне, өсімдікткр және жануарлар
әлемінің өмір сүруіне маңызды әсер етеді. Атмосфералық ауа
сонымен қатар геологиялық, экологиялық, қорғаныс және басқа да
функциялар атқарады. Атмосфералық ауаның өмір үшін маңызы
мен қызметін ескере отырып, мемлекет құқықтық және басқа
да әдістерді қолдану арқылы оны қорғауға үлкен көңіл бөледі.
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау мемлекетпен, қоғамдық
ұйымдармен, мекемелермен, кәсіп орындармен, сонымен қатар
азаматтары мен құқықтық нормаларды қолдану және заңдарды
бекіту негізінде жүзеге асырылады. Бұл нормалар қоғамның
экологиялық экономикалық мәдени – сауықтыру қажеттіктерін
қанағаттандыру мақсатында атмосфераның оттегі қорын және
басқа да пайдалы қасиеттерін ұтымды пайдалану мен өндіруге,
ауаның газ құрамының орнықтылығы мен табиғи жағдайын
сақтауға бағытталған ескерту, тыйым салатын, қалпына келтіретін,
жазалайтын шаралардан тұрады.
Қазақстан Республикасында 1981 жылы қабылданған
«Атмосфералық ауаны қорғау » туралы заңның әлі де заңдық
күші бар. Бұл заңда атмосфералық ауаны қорғау шаралары қарас-
тырылған. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында ластайтын
заттарды сыртқа шығарудың шекті нормалары көрсетілген.
Атмосфералық ауаны қорғауға байланысты шараларды жоспарлау
мен жүзеге асыру үшін атмосфералық ауаға теріс әсер тигізетін
объектілер (мемлекеттік есепке алынады) және атмосфераға
шығарылатын зиянды заттардың түрлері мен мөлшері мемлекеттік
есепке алынады. Заңда атмосфералық ауаны қорғау туралы
заңдарды бұзған үшін жауаптылықтың негіздері көрсетілген.
Бұндай заң бұзушылықтар үшін тәртіптік, азаматтық, әкімшілік
және қылмыстық жауапкершілік көрсетілген.ҚР « Жер туралы
» Жарлығына сәйкес меншік және жер пайдалану обьектісі (
жылжымайтын мүлік) болып табылатын табиғи шаруашылық
жүргізу обьектісі.
Жер деген түсінікті әр түрлі мағынада қарау керек; ол
біріншіден планета ретінде, екіншіден планетаның беткі қабаты
ретінде, үшіншіден планетаның жер қыртысы ретінде қарауға
болады. Жердің табиғи компонент ретінде ерекше маңыздылығын
ескере отырып, жерді құқықтық қорғау оның мемлекет меншігінде
ме, әлде азаматтарының меншігінде ме оған қарамастан жүзеге
асырылады. Жер біртұтас жалпы халықтық байлық ретінде ҚР
336
Конституциясында көрсетілгендей, құқықтық қорғау объектісі
болып табылады.
ҚР Президентінің «Жер туралы» жарлығының 103 бабында
жерді қорғаудың мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Яғни,
жерді қорғау қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде, жерді
қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен
орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынуын
болдырмауға, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіру-
мен арттыруға бағытталған құқықтық ұйымдық экономикалық,
технологиялық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді қорғаудың мақсаттары:
1) Өндірістік экологиялық қауіпсіз технологиялардың
көтермелеу және орман – мелиоративтік шараларын жүргізу
жолымен жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметінің
басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) Тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына
келтіруді қамтамасыз ету;
3) Жерді ұтымды пайдаланудың экологиялық нормативтерін
практикаға енгізу болып табылады.
Жерді құқықтық қорғау ауыл шаруашылық жерлері қорын
сақтауға топырақ құнарлығын арттыру мен сақтауға бағытталған.
Көп жағдайда жерді ұтымды пайдалану жерді қорғаудың ең жақсы
әдісі болып табылады. Кең мағынада жерді қорғау, бұл – жерді
ұтымды пайдалану; ландшафтың әдемілігі мен рекреакциялық
бағалылықтарды сақтау; жерді ауыл шаруашылық емес мақсаттар
үшін негізсіз алып қоюдан қорғау; жерге меншік құқығы мен
жер пайдалану құқығын қорғаудың біртұтастығы.
Табиғат ортасының біртұтас жүйесінде жер қойнауы жермен
тығыз байланысты элемент болып табылады. Жер қойнауы
дегеніміз – топырақ қабатынан, ол жоқ болса – су бетінен және су
қоймаллрының түбінен төмен орналасқан, ғылыми – техникалық
прогресті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер
қыртысының бөлігі. Міне ҚР Президентінің «Жер қойнауы
және жер қойнауын пайдалану туралы» жарлығында осындай
анықтама берілген. Осы жарлықта қоршаған табиғи орта мен
жер қойнауын қорғау міндеттері көрсетілген. Жер қойнауын
және табиғи ортаны қорғау:
337
1) Халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау;
2) Пайдалы қазбаларды тиімді және кешенді пайдалану ;
3) Табиғи ландшафттарды сақтау және бүлінген жерлерді
өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіру;
4) Жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын
болдырмау мақсатында жер қойнауының үстіңгі бөліктерінің
энергетикалық жай – күйін сақтау бағыттарына негізделген
құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық желілерді
және басқа да шараларды қамтиды.
Жер қойнауының экономикалық және халық шаруашылық
мәні, оны қорғаудың көптеген бағыттарын белгілейді.
- Жер қойнауын қорғаудың бірінші бағыты, жер қойнауына
немқұрайлы қараудың алдын алу,барлау және өндіру кезінде оны
тиімді пайдалану негізінде пайдалы қазбалардың қорларының
азаюын ескерту болып табылады;
- Жер қойнауын қорғаудың екінші бағыты, олардың лас-
тануына ескерту жасау, сонымен қатар, зиянды қалдықтар мен
кір сулар мен ластанбаған жер асты сулары минералды қайнар
көздері мен пайдалы қазбалары бар жерлерді ластанудан сақтау;
- Жер қойнауын қорғаудың үшінші бағыты, табиғат ортасына
және қоршаған ортаның кейбір бөліктеріне зиянды әсерлерден
қорғаудан көрінеді, ол пайдалы қазбаларды пайдалануда топырақ-
тың жоғарғы қабатының ластануы мен бұзылуына, жер асты
сулары айналымының бұзылуынан көрініс табады;
- Жер қойнауын қорғаудың төртінші бағыты, ерекше жер
қойнауының обьектілерін, табиғи ескерткіштер және мәдени
ескерткіштерін, емдеуге және демалуға арналған жерлерді қорғау-
дан көрініс табады.Жер қойнауын құқықтық қорғау жер қойнауын
қорғау және тиімді пайдалану, минералды ресурстарын азаюын
алдын алу, жер қойнауын қалдықтары мен және басқа да заттар
мен ластауды құқықтық реттейтін құқық нормаларын шығару
мен қолдану негізінде жүзеге асырылады
Су – ерекше экологиялық функцияны орындайтын орны
толмас табиғат байлығы. Су адам өмір сүруін, табиғаттың
тіршілік еті мен дамуын қамтамасыз ететін табиғат ресурстарына
жатады. Ол адамның, барлық аңдар мен өсімдіктердің клетка
құрамына кіреді, су аса маңызды экономикалық орын алады.
Біздің мемлекетімізде су пайдаланудан бірінші орында ауыл
шаруашылығ, ал екінші орында өндіріс пен энергетика, үшінші
338
– коммуналдық шаруашылық. ҚР Су кодексіне сәйкес мемлекет
аумағындағы барлық су Қазақстан Республикасының су қорын
құрайды. Су қоры мыналарды қамтиды: өзендер, көлдер,
батпақтар, тоғандар, су қоймалары, басқа да жер бетіндегі
су ресурстары,сондай – ақ каналдар мен магистралды су құ-
бырларының сулары, жер астындағы сулар, мұздықтар.
Барлық су табиғат жуйелерінің экологиялық тұрақтылығын
бұзуы, халықтың денсаулығыназиян келтіруі, сондай – ақ
барлық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық,
биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу,
тазару қабілетінің төмендеуі,судың гидрологиялық және гидро-
геологиялық режимінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау
жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға
әкеліп соқтыруы мумкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан
қорғалуы тиіс.
Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын
болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық
және басқа шаралар жүйесін қамтиды.
Орман – бір-біріне жақын өсетін бір түрлі немесе көп
түрлі ағаш өсімдіктерінен және биологиялық жағынан өзара
байланысты, бір-біріне және сыртқы ортаға ықпал жасайтын
басқа да көптеген организмдерден тұратын табиғи кешен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы 23 қаңтарда
қабылданған орман кодексі бойынша орман қоры жерлері
құрамында мынандай жерлер болады:
1) Орманды жерлер «ағаш өскен, сондай – ақ ағаш өспеген
– ағаш кесілген жерлер, өртенген жерлер бос жерлер »;
2) Ормансыз жерлер «ауыл шаруашылығының пайдаланатын
жерлері жолдар кварталдық орман жолдар»;
Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуда және
қорғалуда. Ормандарды сақтау мен қорғауды негізгі мақсаттары
мен міндеттері мыналар болып табылады:
1) Орман өрттерін алдын алу, оларды дер кезінде анықтау
және сөндіру жөніндегі шараларды жүргізу;
2) Ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан талан таражға
салудан және басқа орман талаптарын бұзудан сақтау;
3) Орманның зиянкес жәндікткрі мен ауруларының
ошақтарын дер кезінде анықтап және оларға қарсы күрес жүргізу;
4) Ормандардың сақталуын, ұлғайта өсірілуі мен ұтымды
пайдалануын қамтамасыз ететін басқа да іс әрекеттер.
339
Құқықты қорғау бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндет-
темелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану
мен шығаруды еркін білдіру, жануарлар қауымының табиғи
көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалануы мен ұдайы өндірілуі
болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде
қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық
байланыстағы және табиғи бостандықтағы барлық жер бетіндегі
және судағы жануарларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |