36.5. Табиғи ортаны қорғау механизмі Табиғи ортаны қоғаудың құқықтық механизмі – табиғат
қорғаудағы құқықтық қатынас нормалары талаптарының
орындалуын қамтамасыз етуіне бағытталған қоршаған орта
сапасына әсер ететін ұйымдық - құқықтық шаралар жүйесі болып
табылады. Механизм мақсаты: экология құқықтық нормаларды
материалдандырудың қамтамасыз ету. Механизм төрт буыннан
тұрады.
Экология – құқық механизмінің бірінші буыны табиғатты
қорғау нормалары олардың басты функциясы экологиялық
императивтің базасын бекіту болып табылады. Механизмнің
екінші буынына экологиялық құқық нормалары мен нормативтері
кіреді. Механизмнің үшінші буыны базалық және экологиялық
нормалар мен нормативтердің орындалуын қамтамасыз ететін
кепілдіктерден тұрады. Механизмнің төртінші буыны өзін
құқықтық қатынаста жүзеге асыратын нормалар қозғалысының
қорытынды кезеңі. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты
экологиялық, яғни қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын
көрсетеді, ол егер қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын
бұзса, экологияға зиянды болуы мүмкін.