Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет118/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

36.4. Қоршаған ортаның сапасы
«Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»  занының  1-бабында 
«Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен 
қасиеттерінің сипаттамасы» деп көрсетілген.
Қоршаған ортаның ортаның сапасына экологиялық жүйенің 
үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия 
алмасу процесін қамтамасыз  етуді және өмірді қалпына келтіруді 
жатқызамыз.Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс 
принципинде құрылған. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келесі 
циклдегі өнімін шикізат ретінде қолданылады. Адам өндірісі 
табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған 
аздаған процесте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына 
қызмет етпей қалдыққа жіберіледі. Қоршаған ортаның сапасын 
нормалау экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын 
қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол 
берілмеуін  табиғи  ресурстарын  толықтырылуы  мен  ұтымды 
пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің 
ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормалардың белгілеу 
мақсатын көздейді. Қоршаған табиғи ортаға әсер ету шаралары 
норма болып табылады. 
Әсер ету дегеніміз табиғи ортаға физикалық, химиялық, 
биологиялық  өзгерістер   енгізілетін адамның экономикалық, 
рекрияциялық, мәдени мүдделерін жүзеге асыру мен байланысты 
антропогендік қызмет. Табиғи ортаға теріс әсерін тигізудің ең көп 
тараған түрі – қоршаған табиғи ортаны ластау болып табылады .
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны  
нормалаудың негізгі міндеттері көрсетілген, олар : 
1)  Қоршаған  ортаның  сапасының    өлшемдерін  белгілеу 
және оның адам денсаулығына, табиғи ресурстарын қорғауға 
толықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау:
2)  Қоршаған  ортаға  зиянды  әсерін  жол  берілетін  шекті 
шамалар мен деңгейлерін белгілеу кіреді:
3)  Қоршаған орта сапасының  белгіленген нормативтерін 
асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетілген 
нормалар мен алмастыруға жол берілмейді.
Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық 
жағдайларына байланысты қатаң жағына қарай өзгертуге жол 
беріледі.  Қоршаған  орта  сапасынын  бекітілген  нормативтері 


343
барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылыды, 
және жариялануы мен еркін таратылуы тиіс. Сонымен қатар, 
заңда  қоршаған  орта  сапасын  нормалаудың  негізгі  түрлері 
көрсетілген олар:
1) Қоршаған ортада зиянды заттарға жол беруге болатын 
шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері;
2)  Қоршаған ортаны ластайтын заттарға жол беруге болатын 
шекті мөлшердің шығарылу және тасталу нормативтері;
3) Шудың,  тербелістің,  магнит  өрісі  мен  өзге  де  зиянды 
физикалық  әсерлерге  жол  беруге  болатын  шекті  деңгейінің 
нормативтері;
4) Радияциялық  әсерге жол беруге болатын шекті деңгейдің 
нормативтері; 
5)   Агрохимикаттарды  ауыл  шаруашылығы  мен  орман 
шаруашылығында қолдануға жол беруге болатын шекті нормалар;
6) Қорғау, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш 
аймақтарының нормативтері.
Ал енді оларға толығымен тоқталайық.
Халықтың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дуниесін  
қорғау,  олардың  генетикалық  қорларын  сақтау  мақсатында 
атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы 
қауіпті  химиялық  және  биологиялық  заттардың  жол  беруге 
болатын шекті мөлшерде шоғырлануын нормативтері белгіленеді 
тиісті аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздерімен 
көлемдерін ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсімдіктер 
мен жануарлар дүниесіне олардың жасайтын кешенді ықпалына 
жол бермеу мақсатында ластанудың әрбір көзі бойынша  қоршаған 
ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде 
шығарылуы мен тасталу нормативтерін белгіленеді.
Зиянды заттардың шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері 
қоршаған  табиғи  орта  жағдайының  экологиялық  санитарлық 
– гигиеналық бағасын береді, бірақ зиянды әсер ету көздерін 
көрсетпейді  және олардың жүрісін реттейді. Бұл қызмет зиянды 
заттардың шекті мөлшерде шығарылуы мен тасталу нормативтері 
жүзеге асырады .
Халықтық  денсаулығы  мен  еңбек  ету  қабілетін  сақтау, 
өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесін,  тіршілік  үшін  қолайлы 
қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың тербелістің магнит 
өрістері  мен  басқа  да  зиянды    физикалық  әсерлер  адамды 


344
қоршаған ортаны акустикалық ластау түріне жатады. Кәдімгі 
шу, басқа да физикалық әсерлер сияқты «өркениетті» өмірмен 
тығыз байланысты серіктері. Тіпті бұл ісерлер қандай да бұл 
мөлшерлер адамға белгілі бір өмірлік жағдайын сақтау үшін қажет, 
бірақ белгілі дозада. Физикалық әсерлердің шекті мөлшердегі 
нормаларынан шығып кетуі, адамның миының жұмыс істеуін 
төмендетеді, жүйке, жүрек, тамыр психиқалық ауруларға душар 
болуға алып келеді.
Денсаулықты  сақтау  органдары  шудың  шекті  мөлшерін 
белгілейді. Егер шу  әртүрлі дыбыстардың жиынтығы болса, 
тербеліс – қандай да бір механикалық қайнар көзден шығатын 
күрделі тербеліс процесі. Шу сияқты тербелісте децибилмен 
өлшенеді. Адам үшін электромагниттік зиянның қайнар көзі  
радио және телестанцияның, радиолокалдық  объектілер және 
тағы басқа болып табылады.
Адамның  денсаулығы  мен  генетикалық  қорына  төнетін 
қауіпті болдырмау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау 
мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнімдеріндегі  радиациялық 
әсердің жол беруге болатын шекті деңгейін нормативтері белгі-
ленеді. Биохимиялық процестердің бұзылуы, адам организімінде 
физикалық, химиялық, физиологиялық, ақырында потологиялық 
өзгерістерге алып келеді. Адамның денсаулығын және генетикалық 
қорын сақтау, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау  мақсатында 
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералды 
тыңайтқыштарды, өсімдік қорғау құралдарын, стимуляторларды 
және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнімдеріндегі, топырақ 
пен судағы химиялық заттар қалдықтарын жол берілетін шекті 
нормативтердің  сақталуын қамтамасыз ететін мөлшерде қол-
дануға жол берілетін шекті нормаларын белгілейміз.
Қоршаған ортаға зиянды әсерді жою және ерекше қорғалатын 
объектілерді сақтау мақсатында қорғау, санитарлық – қорғаныс 
және өзге де қорғаныс аймақтары белгіленеді.
Санитарлық және  қорғаныс аумақтарының нормативтері, 
олардың мақсаттары мен міндеттерінің сипатымен анықталады. 
Бұл аумақтар өзара байланысты екі түрлі функция атқарады – 
қорғау және сауықтыру.
Осы көзқарас бойынша бұл аймақтардың қатарына санитарлық 
қорғаныш, қорықтар мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы 
қоғаныстар, үлкен қала айналасындағы қорғаныстар, экологиялық 


345
апат  аймағы, төтенше экологиялық жағдай. Чернобыль апат 
аймақтары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет