Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Еңбек  құқықтық қатынастары және еңбекпен



Pdf көрінісі
бет94/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   136
24.4.Еңбек  құқықтық қатынастары және еңбекпен
байланысты өзге де құқықтық қатынастар 
Адамдар  арасындағы  олардың еңбекке тікелей қатысуы 
мәселесі  бойынша  еңбек  заңдары  нормаларымен  реттелген 
қатынастары еңбек құқықтық қатынастары  нысанында әрекет 
етеді.Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде 
жеке  еңбек  шарты  бойынша  жұмысқа  алынған  тұлғалардың 


299
немесе өзге де жұмыс берушілерде(кооперативте,жеке тұлғаларда)
жалдану  бойынша  жұмыс  істейтін  қызметкерлердің  еңбегін 
қолдануға  байланысты  қатынастар  ғана  еңбек  заңдарымен 
реттеледі.
Еңбек  шарты  негізінде  туындайтын  еңбек  құқықтық 
қатынастарын мердігерлік,тапсырма,қызмет көрсету және т.б. 
шарты бойынша ұйымдар үшін қандай да бір нақты жұмысты 
орындаған  адамдардың  еңбекке    қатысуы  жөніндегі  басқа 
қатынастардан ажырата білген жөн.Осы шарттардың негізінде 
еңбек  қатынастары  емес,азаматтық–құқықтық  қатынастар 
туындайды,ал олар еңбек заңдарымен емес,азаматтық заңдармен 
реттеледі.Осынау бір құқықтық қатынастардың аражігін айырудың 
практикалық маңызы бар.Мәселен,еңбек құқық қатынасына түскен 
қызметкерге  жыл  сайынғы  демалыс  беріледі,сырқаттануына 
байланысты жұмыста болмаған кезінде ақы төленеді және т.б.Ал 
азаматтық-құқықтық шарттар негізінде тек мүліктік қатынастар 
туындайды.
Еңбек  құқықтық  қатынастарының  мынадай  үш  елеулі 
белгілері бар:
1)олар жеке  еңбек шартының негізінде нақты кәсіпорынның 
еңбек ұжымына қызметкердің кіруімен туындайды;
2)еңбек құқықтық қатынасы бойынша қызметкерді белгілі 
бір мамандық(кәсіп),біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс 
атқару міндеті өзіне  алады,ал кәсіпорын аталған жұмыс жасау 
міндетін алады;
3)еңбек құқықтық қатынасының екі тарабы қызметкер де, 
жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібіне бағаланды.
Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесінде еңбек 
құқықтық қатынасы жетекші орын алады.Бірақ,сондай ақ еңбек 
қатынастарынан бұрын, олармен қатарлас жүретін және еңбек 
қатынастарынан туындайтын қатынастар бар.Бұл қатынастардың 
бәрі  еңбек  қатынастарымен  байланыстан  тысқары      дербес  
маңызы болмайды және еңбек қатынастары қазіргі кезде болып 
отырғанда,не бұрын болғанда,не олар болашаққа болатын болса 
ғана өмір сүреді.
Еңбек  құқығы  саласындағы  құқық  қатынастары  жүйесі 
өзіне мыналар қамтиды;еңбек құқық қатынастары;ұйымдастыру 
басқару құқықтық қатынастары;ұжымдық  шарттық құқықтық 
қатынастар;еңбекке орналастыру жөніндегі құқықтық қатынастар; 


300
тікелей өндірісте қызметкерлерді кәсіптік даярлау және олардың 
біліктілігін арттыру жөніндегі құқықтық қатынастар;еңбектің 
қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуын қадағалау жөніндегі  
құқықтық қатынастар;еңбек дауларын қарау жөніндегі құқықтық 
қатынастар.
Аталған барлық құқықтық қатынастар қызметкердің еңбегіне 
байланысты  туындайды,бірақ  пайда  болу,өзгеру,тоқталылу 
негіздері мен мазмұны жағынан ерекшеленеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет