Нуржігіт Алтынбеков 12
соңғы, грек сөзі, lоgоs - ілім) тарихтьң, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы)
екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа,
екіншілерін мәңгі жұмаққа аттандыру. Христиан дінінің негізгі қағидасы -
сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік яғни, жай адамның
мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің
жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды - Алланы, оның құдіретті күшін
мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі Құрандағы жазылған қағидалар адам
өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам
діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады
(Ауғанстан, Пәкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір
сүретін исламдык құкықтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың
мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы - мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарға кол
ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде
жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де
ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші дүниежүзілік дін - Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - оның
этикалық-практикалык бағыттануы (еtһоs - грек сөзі, әдет-ғұрып, ргасtісоs - грек сөзі,
белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның
себебі адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал
зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін
адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек. Сонда
ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден
бас тартуға шакыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі - ахимса (зияндық жасамау)
қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы
залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де,