Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет12/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
13 
жеңілген де болмауға тиіс. 
Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген, гедонизм 
(gedonе - грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялык дағдарыс 
туғызған қазіргі Батыс цивилизациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған 
адамдардың жүрегіне жақсы ұялайды. 
XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік қоғам құру 
барысында жаңа ағарған дінді адамдардың жан дүниесіне кіргізу (марксизм-
ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен 
сырттату саясаты жүргізілді. Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Европа ой жүйесінің 
логикалык соңы ретінде карауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат болашақта жер-
бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында жаңа адам дүниеге 
келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек емес. Ол тек қана адамгершілік 
нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді. Жаңа адам жан-жақты және ұйлесімді 
түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін 
кедергісіз өтей алады. 
Алайда мұндай «жердегі жұмақ» орнатуға бағышталған орасан зор ерлік және 
сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе 70 жылдан кейін қоғамды 
тарихи тұйықтыкқа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген миллиондаған адамдар 
өздерінің өмірлерінің мән-мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы 
дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды. 
Алайда 
қазіргі 
адамзатты 
бірде-бір 
дүниежүзілік 
дін 
толығынан 
қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшылықтарға толы 
цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана дін болуы қажет сияқты. 
XIX ғасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз 
мойнына алып орындауға тырысуда. 
Екінші жағынан, XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған 
адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы 
теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет