Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет13/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
14 
табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді. 
§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме? 
Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылык 
сонау көне заманның өзінде-ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам 
қарым-қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының 
дүниеге келуіне себеп болды. 
Осы тұрғыдан алғанда, «Философия — ақыл-оймен ұстап қалынған тарихи дәуір» 
деген Гегельдің берген анықгамасында терең сыр жатса керек. 
Әрине, дін де философия сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтарды, 
адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін «о 
Дүниеден» табады. Философияны алсақ, сонау Көне Грециядағы алғашқы пайда 
болған «Милет мектебі» өкілдерінің койған: «Дүниенің негізінде не жатыр?» -деген 
сұрағынан бастап, осы күнгі ойшылдардың: «Адамзаттың болашағы бар ма, ия 
болмаса ол өзін-өзі экологиялық апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысқа әкеліп өлтіре 
ме?» - деген сұрағына дейін, бұлардың бәрі де ақыл-ой таразысына салынып, парасат 
шеңберінде талданады. 
Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы - оның 
рационалдығында (rаtio латын сөзі, ақыл-ой). Жалпы алғанда, философия қоғамдық 
сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа 
жету үшін өзінің категориялық (саtеgогіа - грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл 
ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім-
тәжірибесіне негізделген жүйесін қалыптастырады. 
Сонымен қатар философияны басқа жаратылыстану және әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін де байқауға болады 
(һumаnus- латын сөзі, адамдық, адамгершілік). 
Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет