Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет134/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
159 
көшесінде тұратын адамдар. Олар өз-өздеріне жеткіліксіз, сондықтан оларды ол толық 
емес деп атайды. 
Әсіресе біз оқырманның назарын Әл-Фарабидің мына ойына аударғымыз келеді: 
«ұлы игілік», ең биік жетістіктерге ең алдымен қала жетеді, ал ауылды алатын болсак, 
оның негізгі қажеттілігі — оның тек қаланы қамтамасыз етуінде. Әл-Фарабидің 
өмірден кеткеніне 1000 жылдан артық уақыт өтсе де, қазақ халкына бұл ой осы 
уақытқа дейін өзекті мәселе болып жатыр. Бүгінгі өте қиын дағдарысты ахуалда қазақ 
халқы аянышты ауыр жағдайда урбанизация процесіне қатысып, қала халқына 
айналуда. Тек қала халқы қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне белсенді катысып, өзінің 
мүдделері үшін тиімді күресе алады. 
Әл-Фараби қалалардың өзін екіге бөледі, олар игілікке бағытталған қала мен 
надандар қаласы. 
Игілікке бағытталған қалада адамдар бір-біріне көмектесіп, бақытқа жетуге 
тырысады. Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене 
мүшелері бір-бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әртүрлі өздерінің табиғаты мен 
қабілеті бойынша өмір сүреді. Сол сияқты қаладағы адамдар да әртүрлі болса да, 
қала басшысына бағынып, бір-бірімен келісіп іс-әрекет жасап, өмір сүрулері керек. 
Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр. Ол - адамгершілігі жоқ, 
айырбастау қаласы, адасқан қала. 
Надан қаланың адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан олар оған 
ұмтылмайды да, оған сенбейді де. Олардың ойынша, өмірдің мақсаты - денсаулық, 
байлық, рахатқа бату, ерікті түрде құмартуға берілу, даңқ пен ұлылықты армандау. 
Осылардың әрбіреуінің өзі осы қаланың тұрғындарына бақыт болып көрінеді. 
Ал айтылғандардың бәрі қосылса, онда одан асқан бақыт болмайды деп ойлайды 
олар. 
Әл-Фараби надан қаланың түрлеріне тоқтайды. Бүгінгі таңда біз де әлі өзіміздің 
даму бағытымызды, жалпы ұрандар болмаса, айқын анықтаған жоқпыз. Сондықтан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет