Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет160/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
188 
Қайта өрлеу заманындағы көп ойшылдар сияқты Н.Макиавелли де өмірге деген 
самарқаулыққа теріс карап, оған белсенділікті карсы қойды. Ал адамның өмірін ол 
фортунамен тығыз байланыстырды. Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы, көне 
замандағы фатумнан анағұрлым бөлек (fatum - латын сөзі, тағдыр). Егер фатализм 
адамның өмірі, жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті алдын ала болжанған, онда ешқандай 
таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оған қарсы тұруға болмайды деп есептесе, фортуна 
ұғымы әлеуметтік қажеттілікпен теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін 
толығынан жоя алмайды. Н.Макиавелли: «Елу де елу» формуласына жақын фортуна 
біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздің өзіміздің 
еркіміз, өжеттілігіміз, қайрат-күшімізбен байланысты», - дейді. Сондықтан «абайлаудан 
гөрі батылдық жақсы», өйткені «фортуна - әйел, ал онымен тіл табысу үшін оны оқтын-
оқтын сабап алу керек», неге десеңіз, ол «әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-
артына қарамай, батыл түрде тарпа бас салып, оны өз еркіне көндіреді». 
Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында адамның батыл, 
тиімді іс-әрекеттер жасауын Н.Макиавелли «вирту» (virtu - лат. сөзі, айбындылық, 
қайраттық) деген сөзбен береді. 
Алайда толыққанды виртуды іске асыру әрбір адамның қолынан келе бермейді. 
Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің жүріс-тұрыстарында 
«ортаңғы жолды» ұстайды, оның өзі үлкен нәтижелерге ешқашанда әкелмейді. Ал 
тарихтағы ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеті тіпті 
басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып, бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол 
істі өмірге енгізуге тырысады. 
Н.Макиавелли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелілігі тек қана олардың 
айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пікірден аулақ. Ұлы адамдардың 
қайратты іс-әрекетінің жемістілігі -сол заманның қойған талаптарына сай келуінде. 
Қорыта келе, «вирту» ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі ретінде 
Қайта өрлеу заманының негізгі құндылығына айнала бастады. Өзінің мүдделерін өмірге 
кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. Адам - ерікті, саналы, айбынды, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет