Нуржігіт Алтынбеков 189
күш-қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл
Н.Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой-өрісіне зор әсерін тигізіп, жалпы алғанда,
жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айналады.
Н.Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған.
Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнына ерте
капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің
қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әркашан ақталып отырса, ол негізінен
алғанда «ақсүйектердің ісі» болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан
шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда
болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып,
өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
Н.Макиавеллидің көрегендігі -- саясаттың дербес құбылыс ретінде улкен
қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін
(қазіргі тілмен айтқанда, саяси технология) жасау болды.
Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы
көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда
саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында
кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден
шығып кетуін, оның талаптарын аяқка басуды біз Н.Макиавеллидің атымен айтамыз.
Алайда мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы
Н.Макиавеллидің өзінің шығармашылығынан туатын көзқарасқа сай келмеуі де ғажап
емес болар.
Осы бағалау тұрғысынан алып карағанда, біз расында да, үлкен қайшылықты
байқаймыз. Әрине, Орта ғасыр шеңберіндегі саясат жөніндегі түсінік қайта