Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет210/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
242 
өмір сүріп жатқан «мән», я болмаса тәжірибеге дейін берілген «идея» (аргіогі) емес, 
өзінің эмпириялық, яғни тәжірибеден шығатын мазмұны бар ассоциациялар. Мысалы, 
таныс адамның суреті өзінің ұксастығымен ол жөніндегі біздің идеяларымызды оятуы 
мүмкін. 
Екіншіден, ол - кеңістік пен уақыттың шеңберіндегі қатар пайда болатын 
ассоциациялар. Мысалы, егер үйден бірнеше шақырым ғана алшакта болсак, 
жақындарың жөніндегі ассоциациялар мыңдаған шақырым алшақтыктан гөрі 
анағұрлым айқын. 
Үшіншіден, танымдағы көп кездесетін ассоциациялар себептілікке негізделген. 
Себептік, Д.Юмның ойынша, Дүниедегі заттардың арасындағы карым-қатынастан 
пайда болады. Себептік іс-әрекеттен алда болуы қажет. Бірақ ол себептіктің іс-әрекетті 
тудыратынын мойындамайды, оны біз дәлелдей алмаймыз. Сонымен, Д.Юмның 
ойынша, себептік дегеніміз тек қана бірінің артынан бірі келетін сезімдік әсерлер, 
алдыңғысын біз себеп, соңғысын іс-қимыл дейміз. 
Осылайша қоғамның моральдық саласына да қарауға болады. Ол да күнделікті 
өмірде қалыптасатын ассоциацияларға негізделеді. Солар арқылы біз жанымыздағы 
адамдардың жан дүниесін сезініп, оның қайғысын, я болмаса куанышын бөлісеміз, -
дейді ағылшын ойшылы. 
§ 2. Француз ағартушылары 
Дүниежүзілік философия тарихында француз ағартушыларының орны ерекше. 
Бұл философиялық-саяси бағыттың негізін қалаған Вольтер мен Монтескье болды. 
Олардың еңбектері француз агартушыларының екінші буынының қалыптасуына зор 
әсерін тигізді. Оларға Ламетри, Дидро, Кондильяк, Руссо, Гольбах сияқты ойшылдар 
жатады. 
Француз ағартушылары философияның деңгейін өте биік дәрежеге көтерді. 
Адамзатты тебірендіретін барлық мәселелер философиялық зерде тұрғысынан 


Нуржігіт Алтынбеков 
243 
шешілуі қажет, бұл - олардың негізгі қағидасы. Ой еріктігі бұрын-соңды болмаған 
дәрежеге көтерілді: дін, табиғатты түсіну, қоғам, мемлекеттің құрылымы мен 
басқарылуы – бәрі де үзілді-кесілді сыннан өтті, бүкіл бұрынғы қалыптасқан 
көзқарастардың көпшілігі теріске шығарылып, Дүниеге деген жаңа таным 
қалыптаса бастады. 
Француз ағартушыларының еңбектерінде табиғат жэне ондағы адамның 
орнына деген материалистік көзқарас қалыптаса бастады, әсіресе олардың әлеуметтік-
саяси көзқарастары сол кездегі қоғамдағы ахуалға өзінің зор әсерін тигізді. Егер 
ағылшын ағартушыларының көбі король билігін жактап, я болмаса аристократияны 
колдаса, француз ойшылдары феодалдық тәртіпке үзілді-кесілді қарсы шығып, саяси-
құқтың мәселелерді күн тәртібіне ашық та айқын қоя білді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет