Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет208/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
240 
ұстауға үйретті. 
«Моральдык құндылықтардың пайда болуы жөніндегі зерттеу» деген еңбегінде 
Б.Мандевиль қоғамға қайсыбір залымдықтың кажеттігі мен пайдалылығынан гөрі
оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнін баса айтып, моральдың пайда болуының қайнар 
көзін содан көреді. Әрине, оның мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ 
ойшылдарға өзінін зор әсерін тигізіп, әртүрлі пікірлерді туғызды. 
XVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистік және материалистік бағытына 
карсы шығып, идеализм жолын қорғаған епископ Джордж Беркли болды (1681-1753 
жж.). Ол өзінің философиясын «Дүниедегі барлық өмір сүруші - жалкы» деген 
қағидадан бастайды. Ал жалпы дегеніміз - ол жалқының накты қорытылған бейнесі 
ғана. Абстрактылы жалпы ұғымдар сөздердің негізінде жатқан жалпы идеяларды 
көрсетеді деген жалған пікірді басшылыққа алып, көп философтар, ойшылдар 
алданады. Ал шынынан алғанда, сөз жалпы идеялардың белгісі емес, керісінше, көп 
нақтылы заттардың белгісі. Осындай кағиданың негізінде Д.Беркли абстрактылык 
жалпы ұғымдардың керек еместігін, әсіресе философиядағы материя ұғымының 
зияндығын, неше түрлі дау-дамайларды туғызатынын көрсеткісі келеді. 
Д.Берклидін философияда жасаған екінші қадамы - Дж.Локтың бірінші және 
екінші сапалар деген ілімін сынап, таным процесінде адам тек қана өзінің 
түйсіктерінің әртүрлі қосындыларымен кездеседі деген пікірге келуі. Яғни Д.Беркли 
зерттеліп жатқан заттардың қасиеттерін адамның түйсіктерімен теңеді. Мысалы, 
шиені алсақ, ол қоңыр-қызыл түсті, дөңгелек, жұмсақ, қышқыл-тәтті. Осы түйсіктердің 
бәрін алып тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе», - деп жауап береді Д.Беркли. 
«Шынына келгенде, объект және түйсік - бір және оларды бір-бірінен ажыратуға 
болмайды», - дейді ойшыл. 
Мұндай көзкарас философияда солипсизмге (solus - латын сөзі, «жалғыз өзім» 
деген мағына береді) әкеледі: яғни Дүниеде мен ғана өмір сүріп жатырмын, ал бүкіл 
әлем, баска заттар мен адамдар менің түйсіктерімнің әртүрлі қосындылары ғана 
деген пікір тудырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет