Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет213/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
246 
«жердің құнарлығын, ауа райын және таулы-жазықтығын атайды. 
Мысалы, ыстық ауа райы адамдарды әлсіретіп, енжар қылады, ал суық ауа райы ой 
мен дененің күшеюіне, олардың өмірге деген қажырлы еңбегіне, ұлы істерді 
жасауға мұмкіндік береді. Сондықтан ыстық ауа райында өмір сүретін халықтар 
құлдыққа келді де, суық жерде өмір сүретін халықтар өздерінің бостандығын сақтап 
қалды, - деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгінгі таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа 
күлкілі көзбен қарауы әбден мүмкін. 
Дегенмен қоғамның дамуында географиялық жағдайлармен санаспаудың өзі, таза 
технократиялық көзқарастар қандай салдарларға әкелетінін біз бүгінгі таңда ауылдағы 
осы уақытқа дейін жүргізілген реформалардың теріс жақтарынан көріп отырмыз. 
Кең түрде алғанда, біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы 
көшпенділік өмір салтын ұстауының өзі (жаңа дәуірге дейін) сол айнама қоршаған 
ортаға байланысты болатын. Әрине, Жаңа дәуір тарихқа келіп, машиналық техника 
пайда болған кезде, көшпенділік өмір салты мүмкіншіліктері саркылып, қазақ халқы 
жаңа өмір құндылықтарына өтуге мәжбүр болды. 
Монтескьенің ойынша, жоғарыдағы көрсетілген жағдайлармен қатар, жер көлемі 
және оның таулы-жазықтығы да қоғамның саяси бітіміне өзінің зор әсерін тигізеді. 
«Біріншіден, таулы елдер көлемі жағынан үлкен бола алмайды. Ал кіші елде 
азаматтар Қоғамдық мәселелерді талдап шешіп, кабылдауға жиі қалыптасады. Ал орта 
көлемді елдерде көбінесе монархиялық басқару жүйесі орнайды. Жері жазык және 
өте көлемді елдерде деспотиялык басқару жүйесі кажет, өйткені тек күш жұмсау мен 
корқыту арқылы ғана алыста жатқан елдерді орталык билікке көндіруге болады», -деп 
қорытады Монтескье. 
Әрине, біз ұлы ойшылдың географиялық факторлардың қоғам өміріне деген рөлін 
асыра көрсеткенін байқаймыз. Бірак бұл көзқарастар өз заманының мәселелерін 
жанаша түсінуде, діни түсініктерге тойтарыс беруде кеңінен пайдаланылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет