Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет209/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
241 
Мұндай ерсі пікірден аулақ болу үшін Д.Беркли «Дүниенің өмір сүруін 
мойындаудың негізі жеке адамның санасында ғана емес, сонымен катар баска 
адамдардың да Дүниені қабылдауымен байланысты» деген пікірге келеді. 
Ал көп адамдардың белгілі бір Дүниедегі заттар жөніндегі ортақ пікірі, олар 
жөніндегі ортақ пікірлері, бір-біреуімен келісімі Құдайдың құдіретті күшінде 
жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында тек қана жалқыны мойындап, 
материалистік көзқарастан бастап, келесі сатыда субъективтік идеализмге келіп, 
соңында теологиялық кезқарасқа келіп тіреледі. 
Д. Юм және оның сындық скептицизмі 
Давид Юм (1711-1776 жж.) - ағылшын философы. Негізгі еңбегі «Адамның 
табиғаты жөніндегі трактат». Бүл еңбегінде Д.Юм барлық ғылымдардың 
іргетастарының тұрақсыздығын және білімі бар оқыған, білімді адамдардың сол 
кездегі философияға қанағаттанбайтынын көрсетеді. Ал оның негізгі себебі, Д.Юмнын 
ойынша, адамның табиғатының терең зерттелмегенінде. 
Адамның дүниетаным мүмкіндіктері қандай? Д.Юм қайсыбір философияның 
негізгі мәселесі осы болуға тиіс деген пікірге келеді. Ол дүниетануда бірінші және 
екінші сапалар қағидасының құндылығын мойындамайды. Тек қана сезімдік 
қабылдау адамның дүниетанымының негізінде жатыр. Олай болса, ол - философиядағы 
сенсуализм бағытының өкілі. Бірак Д.Юмның ерекшелігі ол сезімдік танымнан 
метафизикалық, яғни ең жалпы дүние жөніндегі қағидаларды тудыруға болмайды деген 
пікірге келуінде. 
Егер өзінің философиясының негізін Д.Беркли Құдайға әкеліп тіреген болса, Д.Юм 
«материя» ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін біз дәлелдей алмаймыз деген ойға 
келеді. Бізге берілген - тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары. Олай 
болса, философияның негізгі мақсаты - түйсіктердің өзара байланыстары арқылы 
берілетін идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана. 
Олай болса, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар - объективті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет