Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет240/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
277 
Бірінші сатыда ол көмескі түйсіктен шығармашылық аңдауға шейін көтеріледі. 
Бұл сатыда ішкі сезім мен сезінілетін объект әлі бір-бірімен тең. 
Екінші сатыда шығармашылық аңдаудан ұғымдарды туғызуға дейін көтеріледі 
(кеңістік, уакыт, себептілік, қажеттік т.с.с. категориялар пайда болады). 
Үшінші сатыда ұғымдардан өзіктік санаға дейін көтеріледі, яғни субъект өзін 
сыртқы Дүниеге қарсы қойып, сонымен қатар өз-өзін объект ретінде тани алатын 
дәрежеге көтеріледі. Демек, бейсаналык тарихтан өтіп, белсенді, ерікті және саналы, 
табиғаттың құрсауын бұзып шығатын күшке айналады. Яғни табиғат қоғамға ауысады. 
Бұл арада біз Шеллинггің тарих философиясына келіп тірелдік. 
Тарих философиясы. Еріктік мәселесі 
Қоғам дамуының ерекшелігін Шеллинг «екінші табиғатты» жасаудан көреді: 
өз-өзін анықтаған субъект енді айнала қоршаған заттарды игеріп, оларды қайта 
жарастырып, құрып, өз еркіне көндіреді, яғни адамның шығармашылык іс-әрекетінің 
негізінде объективтік пен субъективтік бір-біріне өтіп, қайта косылады. Бұл кісі Қайта 
өрлеу заманынан бері келе жатқан «іс-әрекет арқылы тану», «жасадың - таныдың» 
деген нақыл сөздерді колдайды. 
Бірақ, Шеллингтің ойынша, Дүниені ең терең түрде тану басқаша жолмен 
беріледі. Ол - эзотерикалық (esoterikos - грек сөзі, ішкі, кұпия деген мағына береді) жол, 
ол тек қана интеллектуалдык интуиция арқылы ғана болуы мүмкін. Ал оның өзі 
барлық адамдардын қолынан келе бермейді. Оған тек таңдаулы, аса дарынды 
адамдар ғана жетпек. 
Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы - мақсатқа лайыкты дамып жатқан 
Абсолюттің дамуының ең құнды сатысы. Ол өзі тудырған адамзаттың шығармашылык 
іс-әрекеті арқылы іске асып жатады. Бірақ осы жолда адамдар каншалықты 
талпынғанымен, Абсолютке жете алмайды. Ол мақсат тек қана адамзаттың шексіз 
идеалдық қоғам орнату жолымен жылжуында ғана іске асады. Сондықтан тарихта 
адамдар өз заманының мұқтаждықтарынан шығатын, шешуге келетін, шынайы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет