Нуржігіт Алтынбеков 357
далаға кетіп, жалғыздықтың азабын тартып, аузын берік ұстап, күндіз-түні Құдайға
құлшылық етеді. Бір жылдан кейін қайтып оралып, есікті тағы қағады. «Бұл кім?», - деген сүраққа, Ол: «Сенсің», - дейді. Сол сәтте есік дереу ашылады.» Сонымен тек
«мендік» толығынан Құдайлықтың шеңберінде еріп-сінген кезде ғана, адам рухтың ең
биік сатысына көтеріліп, Алланың кұшағына қосылады.
Сопыларды ресми мешіт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да, қарапайым халық
арасында олардың беделі өсе берді. Олар тек қана Құранның аяттарын, шариғаттың
қағидаларын түсіндіріп қана қоймай, дінді философиялық тұрғыдан тереңдете білді.
Сопылардың ойынша, Шариғаттытерең игеріп, оның талаптарын Бұлжытпай
орындау - ол Құдайшылдықтың бірінші сатысы ғана.
Өйткені, адамның сыртқы іс-әрекеттері мен оның ішкі пиғылы, ниеттері бір-
бірінен тіпті алшақ болуы да мүмкін. Құдайлыққа өтудің екінші сатысында адам осы
екі ортада ешқандай
қайшылықтар болмауы үшін іс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла тағаланың
алдындағы ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін адам өзіндік
сана-сезіміне өне бойы тереңдей түсіп, оны Жаратушының Құдіретті күштеріне
бейімдеуі қажет, Бұл -адамның екінші сатыдан - Тариқаттан өтуімен тең.
Сонда ғана адам Құдайға, яғни үшінші саты - Ақиқатқа көтеріліп, Алла тағаланы
жүрекпен сезініп, онымен қауышады. Алайда Бұл сиқырлық - мистиқалық қиын
жол, ол адамнын Құдайды іздеудің жолында күндіз-түні құлшылық етіп, өне бойы
рухани ізденісте болуын талап етеді. Сонда ғана оның ішкі көкей көзі (интуиция) ашылып, аян арқылы ол Алла тағаламен сүхбаттаса алады.
Міне, осындай сопылық философияның Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде
Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 жж.) бабамызды айтуға болады. Ол халықтың ділінде
аса ұлы діни қайраткер ретінде осы уақытқа дейін сақталған. «Меккеде - - Мүхаммед,
Түркістанда - Қожа Ахмет!» деген сөздердің өзі оны бізге ашық көрсетеді. Негізгі осы
уақытқа шейін жеткен еңбегі - «Диуани Хикмет»(Даналық кітабы). Бұл еңбекті,