Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет408/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

тамастықтар, яғни дүниеге байланғандар, олар оған тәуелді. Екіншілер - раджастар, 


Нуржігіт Алтынбеков 
469 
өзімшіл адамдар, олар оқтын-оқтын басқа адамдарға да көмектесуі, рухани жетілуде 
біршама биік жетістіктерге де жетуі мүмкін. Бірақ ең құнды сатыдағылар 
саттвалықтар, «нағыз ішкі рухани тереңдікті көргендер», - деп қорытады 
С.Вивекананда. 
XX ғ. үнді халқының көрнекті саяси қайраткері, ойшылы Сарвепалли 
Радхакришнан болды. Оның айналысқан негізгі мәселесі - Үнді жэне Еуропа 
мәдениеттерінің қарым-қатынасы. Оның ойынша, үнді халқының мыңдаған жылдар 
бойы жинаған рухани қазынасы мол. Бірақ бай мұра ешқашанда біздің ой-өрісімізді 
торға қамап тастамауы керек. Керісінше, ол Батыс мәдениетімен диалогқа түсіп, 
оның құнды элементтерін игеруі керек. «Еуропоцентризм» мен «Азиацентризм» деген 
ұғымдар біржақтылықты көрсетеді, өйткені дүние жүзіндегі бірде-бір дін Абсолютті 
айқын білдіре алған жоқ. Олай болса, бірде-бір діннің басқалардың алдында 
артықшылығы жоқ. 
Үнді елінін рухани мұрасын үш құрамдас бөлікке - дін
философия жэне 
психотехникаға бөліп, оның өзегін С.Радхакрищ нан діннен көреді. Оның негізгі себебі 
- «абсолюттік ешқашанда таным арқылы жеткізбейді, өйткені біз шектелген мен 
салыстырмалыны ғана тани аламыз. Біздің шектелген ақыл-ойымыз кеңістік пен уақыт, 
себептіліктің шеңберінен шыға алмайды... Ой өрісі осы салыстырмалы дүниенің бір 
бөлігі ретінде абсолютті тани алмайды. Бұл арада ғылым мен логиканы, метафизиканы 
да сәтсіздік күтеді», - дейді С.Радхакришнан. Тек қана осы дұниедегі болмысқа өз 
болмысыңмен, жан-тәніңмен беріліп қана абсолютті сезінуге болады. Олай болса, 
абсолюттік болмысқа жету жолы абстрактілік ой өрісі аркылы емес, өз болмысыңмен 
соған берілуде, ал философияның шыңына тек қана жан дұниесі таза адамдар ғана 
жете алады. 
Адам мен адамзаттың рухани жетілу мәселелерімен айналысқан келесі үнді 
философы Шри Ауробиндо Гхош болды. Оның ойынша, Еуропа мен Үндістан 
елдерінде рухани дамуды тежейтін көп нәрселер бар. Еуропалықтар сыртқы 
дүниедегі заттарға көп көңіл бөліп, өздерінін рухани өмірін жоғалтьш алса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет