Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет151/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Рефераттар тақырыбы: 
Ортағасырлық философияның адамзаттың рухани өміріндегі алатын орны. 
Августин – ортағасырлық философияның ұлы тұлғасы. 
Фома Аквинскийдің сезім мен ақыл – ой байланысы жөніндегі ойлары. 
Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары.
Ибн-Синаның философиялық көзқарастары. 
Ибн-Рошдтың потенциалды интеллект жөніндегі ілімі.
Орта ғасырдағы номинализм мен реализмнің арасындағы қайшылықтар. 
Схоластикалық бағыттың философияға сіңірген қызметі. Ибн-Халдунның адам 
жөніндегі ілімі.
Ибн-Халдун және қазіргі әлеуметтік философия. 
Ойланыңыз: 
Адам Құдайдың жолымен жүрмей, адамның жолымен жүрсе, ол шайтанға 
ұқсайды. (А.Августин). 


Нуржігіт Алтынбеков 
178 
Философия дегеніміз не? Даналықты сүю. Философия дегеніміз не? Әсемдікті 
сүю. Даналық дегеніміз не? Ол нағыз әсемдік емес пе? (А.Августин). 
Жетілгендік - адамның өз жетілмегендігі жөніндегі білімі. 
Біз бақытқа әсемдік арқылы, әсемдікке - философия өнері арқылы жетеміз, ал 
олай болса, біз философия арқылы бақытқа жетеміз. Ал философияға ақыл-ой, 
шындық арқылы жетеміз. (Әл-Фараби). 
Құдайдың құдіреттілігін дәлелдеу мүмкін емес, оған тек қана сенім арқылы 
жетуге болады. (У.Оккам.) 
IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия 


Нуржігіт Алтынбеков 
179 
§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері 
Қайта өрлеу дәуірі (Renaissance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі 
болды. Оның шеңберін біз ХІV-ХVІ ғ.ғ. белгілейміз. 
Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-
экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе 
теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан калаларда сауда, қолөнер өндірісі 
тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер 
шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға 
келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. 
Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, 
жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әртүрлілігімен, 
күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі. 
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі 
жаңаруларға әкеледі. 
Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет