Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»


ТАС МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСАҚТАУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ



бет72/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104

6.3. ТАС МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСАҚТАУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ


Тас материалдарының фракциялық құрамы, яғни жалпы массадағы бір ожаулы экскаватор арқылы немесе жарылыс арқылы алынған əртүрлі көлемдегі кесектердің пайыздық мөлшері əртүрлі қасиетке ие. Ал олардың кесектерінің көлемі бір-бірінен ондаған, жүздеген жəне мыңдаған есеге дейін ерекшелене береді. Бұл ережеге өздігінен қозғалатын фрезалармен алынған материалдар бағынбайды. Дегенмен бұл тəсіл кеңінен танылмаған жəне əктастарды өңдеуде ғана іске асырылады.


Тас материалдарының фракциялық құрамын тегістеу жұмыстары алғашқы кезеңде оның ең ірі кесектерін ұсақтаумен жүзеге асырылады. Ұсақтаудың ірі, орташа жəне ұсақ түрлері бар. Ірі ұсақтау əдісінде кесектердің көлемі 300... 70 мм-ден аспаса, орташа ұсақтауда - 70.20 мм жəне ұсақ уату тəсілінде кесектердің мөлшері - 20.1 мм болады. Тас материалын ұсақтау дəрежесі ұсақталғанға дейінгі материал кесектерінің көлденең көлемінің ұсақталған материал көлеміне арақатынасымен бағаланады. Ірі уату тəсілінде оның үлкендігі 8-ден аспайды, ал орташа жəне ұсақ уатуда 12-ден аспайды.


Көлік құрылысында қолданылатын қиыршық тас түйірлері, мм

220
Кебек ..5-ке дейін
Тас уағы ...................................................................................................5 10
Клинец ..................................................................................................10 15
Қиыршық тас:
ұсақ ..................................................................................................15 25
орташа ..................................................................................................25 40
ірі ....................................................................................... 40. 70
алып (жерді жарып шыққан жыныстар) 70. 120
алып (шөгінді жыныстар) 80.150
Тас материалдарын қиыршық тасқа дейін ұсатуға арналған қондырғылар тас уатқыштар деп аталады. Кесектерінің көлемі оны ары қарай сұрыптауға жəне байытуға мүмкіндік к беретін қиыршық тастарды алуға қолданылады. Жұмыс істеу қағидасы бойынша тас уатқыштар жақтаулы, балғалы, соққылы жəне дестелеуіш деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет