Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет75/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104
Дестелеуіш тас уатқыштар. Дестелеуіш тас уатқыштардың жұмыс істейтін бөлігі өзара пареллель орналасқан тегіс, кедір-бұдыр жəне жұдырықшалы цилиндрлік барабандар болып табылады (6.21 сурет). Ол барабандар еркін əрі механикалық келісілген жетегі бар болады. Оның жұмысы барысында біліктер бір-біріне қарама-қарсы айналады, сол кезде олардың арасындағы саңылауға жыныс түседі де біліктер арқылы жаншылады.
Біліктердің бірінің мойынтірек түйіні машинаның жақтауына қозғалмай бекітілген, ал екіншінің түйіні жылжымалы тірекке орнатылған. Ол саңылауға ірі уатылмайтын зат түскен жағдайда біліктің келесіге ауысуына мүмкіндік к береді жəне біліктер арасындағы саңылауды реттеуге ықпал етеді. Тегіс біліктемді уатқыштар ұсағырақ қиыршық тас алуға мүмкіндік к береді. Дегенмен біліктемнің металымен уатылатын жыныстың аз жанасуы себепті олардың ұсақталу дəрежесі жоғары емес. Бұл көрсеткішті жақсарту үшін біліктемнің үстін кедір-бұдыр немесе жұдырықшалы етіп жасайды. Бұл орайда ұсақталу деңгейі көтеріледі, бірақ ұсақталған өнімнің əртектілігі артады.
Дестелеуіш уатқыштарды ұсақ уатуда ұсақтау үдерісін көп сатылы ұйымдастыруда екінші саты ретінде қолданады, өйткені олар ұсақтаудың аз дəрежесімен сипатталады.
6.21 сурет. Тісті білікті уатқыштың сызбасы:
1 – қозғалмайтын тіректегі тісті ҧсақтайтын білік; 2 – жылжымалы тіректердегі ҧсақтайтын тісті білік; 3 жылжымалы тіректі бекіткіш; 4 – біліктер арасына ҧсақталмайтын заттың тҥскен кезінде білікке жылжуға мҥмкіндік к беретін сығу серіппесі; 5 – бағыттаушыларда жылжитын мойынтіректі тіреуіш; 6 – уатқыш табанының элементі


225

Білікті уатқыштың жұмыс өнімділігін (Пвал) келесі формула бойынша есептеуге болады:


Бұл формулада ^вапбіліктің диаметрі; ^щел – біліктер арасындағы саңылау; /вапбіліктің ұзындығы; - жүктелу жеткіліксіздігінің жəне ұсақталған жыныстың жұмсару коэффициенті (0,1 ...0,4); k- ауысым уақытын пайдалу коэффициенті; ювал – біліктің бұрыштық жылдамдығы.
Отандық уатқыштардың сипаттамасы 6.3 жəне 6.4. кестелерде көрсетілген. Уатқыштар жəне барлық типтегі уатқыш камералардың ішкі беттері ауыр жүктемелі тетікке жатады.
Барлық ұнтақтағыш типтерінің ұнтақтау камераларының ішкі беттері жəне ұнтақтау бөлшектері үлкен деформациялайтын күштердің əсерінен ауыр жүктемеленген бөлшектерге жатады, ауыр
соққылар мен қарқынды тозуға түседі. Сол себепті оларды машиналардың ұзақ мерзім ішінде сенімді жəне істен шықпай жұмыс жасауы үшін соғылған жоғарғы сапалы болат шойыннан, арнайы жəне тозбайтын марганцовты болаттан дайындайды.
Тас материалдарын ұнтақтау барысындағы негізгі мəселе болып шаң түзілуі болып табылады. Тас дробилкалары адам, қоршаған орта жəне көліктер үшін қауіпті болып саналатын қуатты шаң тозаңның көзі. Шаң тозаңмен күресу үшін шаң тозаң аймағы арнайы қаптамамен жабылып ондағы ауа сорылып алынып тазартылады, ал ұнтақталатын материал жəне ұнтақтау аймағы су бүрку, тұман түзу немесе буландыру арқылы ылғалдандырылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет