3.7
-сурет. Ішкі қалталарды өңдеу
Негізгі материалдан жасалған жапырақшалы ішкі тілікті қалта. Оны астарсыз бұйымдардағы қондырма жапырақшалы
тілікті қалта сияқты дайындайды (3.7-сурет,
а ) (2.3.3-бөлімшені
қараңыз).
Негізгі материалдан жасалған жапырақшалы астардың көлденең тігісіндегі ішкі қалта . Оны келесідей жасайды (3.7-
сурет,
б ). Қалтаның астыңғы астарын алдыңғы бой астарының
үстіңгі бөлігімен тұтас пішілген етіп жасайды. Негізгі материалдан
жасалған жапырақшаны ішкі жағын ішке қаратып қояды және
қалтаның үстіңгі астарымен бірге алдыңғы бой астарының астыңғы
бөлігіне қосып тігеді (
1 -тігім). Қолтық ойындысы тұсында ішкі
қалта аузының ұзындығын шектейтін бекітпе қояды (2-тігім). Қалта
аузын шектейтін екінші тігім алдыңғы бой астарын өңірастының
ішкі қиығына қосып тігу тігісінің тігімі болады. Қалта астарын үш
жақтан сырып тігеді (3-тігім).
Алдыңғы бой астарымен тұтас пішілген астар бөліктері бар ішкі қалта . Оны мынадай реттілікпен өңдейді (3.7-сурет,
в ).
Астардың бүгілісі бойынша әрлегіш
1 тігімді салады, сонымен
қатар алдыңғы бой астарының астыңғы бөлігі мен қалта астарының
арасында салынған жиекті бекітеді. Одан кейін қолтық ойындысы
тұсында қалта аузын бекітіп, бекітпені қояды (
2 -тігім). Қалта
астарының бүйір қиықтарын алдыңғы бой астарын бір жақтан және
қиылатын бүйір жан астарын екінші жақтан өңірастына қосып тіге
отырып, қатар сырып тігеді.
Сыдырма түймелікті ішкі қалта. Ол курткалар мен плащтарда
кездеседі (3.7-сурет,
г ). Қалта қосымшаларын ішкі жағына жатқыза
үтіктейді. Қалтаның үстіңгі бүктелген қосымшасын сыдырма
түймеліктің ызбасына жапсырады да, бастырып тігеді. Қалта
бүгілісінен тігімге дейінгі арақашықтық 1...3 мм. Қалтаны белгі
бойынша ішкі жағымен алдыңғы бой астарының беткі жағына
273
жапсырады және сыдырма түймелік ызбасының ұшын ішке қарай
қайырып,
бастырып
тігеді
(
2 -тігім).
Қалтаның
үстіңгі
бұрыштарының астына алдыңғы бой астарының ішкі жағынан мата
тілімдері салынуы тиіс.