Қақпақшалы және екі әдіпті бүйір тілікті қалта
. Оны ерлер
костюмін дайындаған кезде кеңінен пайдаланады (3.6-сурет,
а
).
Негізгі бөлшек пен қалта қақпақшасын қатырмалайды. Қақпақшаны
астарлы
матадан
жасалған
матамен
жөрмейді
(
1
-тігім).
Қақпақшаның шеті бойынша, егер модельмен қарастырылса,
әрлегім тігім салынуы мүмкін. Негізгі бөлшек пен қақпақшада
қалтаны белгілеуді, астарсыз бұйымдардағы сияқты орындайды.
Қалта астарының бір ұшына ішкі жағын ішке қаратып шілтерді
жапсырады және жабық қиықты жапсырма тігіспен бастырып тігеді
(
2
-тігім). Астардың екінші ұшына да ішкі жағын ішке қаратып
астыңғы әдіпті жапсырады да, оны жабық қиықты жапсырма
тігіспен бастырып тігеді (
3
-тігім). Бөлшек бүгілістерінен тігімге
дейінгі арақашықтық 1...3 мм. Астыңғы әдіпті оның бос шеті қалта
астарының шетін 12...15 мм-ге жауып тұратындай етіп бастырып
тігеді. Әдіптің бұл бос шетімен қалта астарының қиығын нықтап
бүктейді және әдіпті астарда әдіп бүгілісінен 5...6 мм
арақашықтықта салынатын
4-
тігіммен бекітеді. Қалта астарына
шілтердің үстінен қақпақшаны ішкі жағын төмен қаратып, ал қалта
269
3.6
-сурет. Астарлы бұйымдарда тілікті қалталарды өңдеу
үстінен ішкі жағы ішке қаратып қосарланып бүктелген үстіңгі әдіпті
жапсырады. Бөлшектерді қиықтар бойынша теңестіреді де,
5
тігіммен бастырып тігеді. Бұл тігімді үстіңгі әдіп бүгілісінен 5...6
мм арақашықтықта салады.
Қақпақшамен, шілтермен және қалта астарымен біріктіріліп
дайындалған үстіңгі әдіпті белгі сызығының бойымен алдыңғы
бойға жапсырады да, алдыңғы бойға қосып тігеді (
6
-тігім). Тігімді
әдіпті қақпақшамен және астармен біріктіру тігісіне салады.
Алдыңғы бойға белгі сызығы бойынша қалта астарымен
біріктірілген астыңғы әдіпті қояды да, алдыңғы бойға қосып тігеді
(
7
-тігім). Тігімді астыңғы әдіпті қалта астарымен біріктіру тігісіне
салады. Негізгі бөлшекті тілгеннен кейін және қалтаны ішкі жағына
айналдырғаннан кейін қалтаны түзеп, тілік ұштарында негізгі
бөлшектің ішкі жағынан бекітпелер қояды және қалта астарын
270
сырып тігеді (
8
-тігім).
Достарыңызбен бөлісу: |