3.5
-сурет. Шілтерді қалтаның астыңғы астарымен біріктіру
рады, ол арқылы қалтаны беткі жағына айналдырады. Бұл тесікті
жасырын тігіммен жабады. Егер одан әрі дайын қалтаны негізгі
бөлшекке бастырып тіккен кезде бастырып тігу тігісінің ені 5 мм-
ден аспауы тиіс болса, есікті ашық күйінде қалдырады.
Тілікті қалталар мен тігістерде және бедерлерде орналасқан
қалталарда негізгі материалдан жасалған қосымша бөлшекті – қалта
тілігінде астарды жауып тұратын шілтерді пайдаланады. Шілтерді
қалтаның астыңғы астарымен қайым немесе жапсырма тігіс арқылы
біріктіреді. 3.5-суретте шілтерді қалтаның астыңғы астарымен
біріктіру нұсқалары көрсетілген. Қалтаның қалыңдығын кішірейту
үшін қақпақша, жапырақша, әдіп астары астарлы материалдан
пішілуі мүмкін. Қақпақша астары қалта астарымен бірдей астарлы
матадан жасалатын әйелдер бұйымындағы қақпақшалы тілікті
қалталарда шілтерді пайдаланбайды.
Тілікті қалта астарының қиықтарын жиектеп торламайды.
Достарыңызбен бөлісу: