ТҮЙМЕЛІКТЕРДІ ӨҢДЕУ 3.5.1. Астармен жасалатын көйлек, белдемше, шалбар түймеліктерін өңдеу Аталған
бұйымдарда
түймеліктерді
негізінен,
астарсыз
бұйымдардағы сияқты, өңдейді. Оның ерекшелігі астарды
бұйыммен түймелік тұсында біріктіретін операциялардың барынан
тұрады. Өңдеудің екі нұқасы бар.
Кейбір бұйымдарда түймелікті өңдемес бұрын астарды уақытша
тігім қиықтарының бойымен сырт бөлшектермен біріктіреді, одан
кейін түймелікті астарсыз бұйымдағы сияқты өңдейді. Өңдеудің
мұндай нұсқасын көбінесе түймелік жақтарын шеттіктеп, бүктеме
тігіспен бүгіп тіккен немесе пішілген әдіппен жөрмеген жағдайда
пайдаланады. Түймелік жақтарын шеттіктеу тігісімен өңдеген кезде
негізгі бөлшек пен астарды ішкі жағын ішке қаратып қояды, бөлшек
қиықтарын бойлай тігіммен біріктіреді, артынша қиықтарды
шеттіктейді (3.8-сурет,
а ). Егер түймелік жақтарын өңдеу кезінде
бүктеме тігісті пайдаланса, онда астарды ішкі жағымен бұйымның
ішкі жағына орналастырады, астар шетін бұйым мен бұйымның
негізгі бөлшегінің түймелігінің астындағы қосымшаның арасында
салады. Түймелік астындағы қосымшаны бұйымға жабық (3.8-
сурет,
б ), ашық жиектелген не шеттіктелген қиықты бүктеме
тігіспен бастырып тігеді, сонымен бірге астар шетін бүгіп тігеді.
Егер түймелікті пішілген әдіппен өңдесе, онда негізгі бөлшекті
алдын ала уақытша тігім қиықтарын бойлай астармен біріктіреді,
артынша түймелікті астарсыз бұйымдардағы сияқты өңдейді (2.4.2-
бөлімшені қараңыз). Одан кейін әдіптің өңделген ішкі шеттерін
астарға бастырып тігеді (3.8-сурет,
в ). Тігісте орналасқан (3.8-сурет,
г ) немесе өңірастылы планкалармен өңделген түймеліктерде осыған
ұқсас өңдеуді орындайды (3.8-сурет,
д ).