Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет287/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Лекало жайылмасы 
– белгілі бір білім мен дағдыларды және 
техникалық шарттардың орындалуын талап ететін күрделі процесс. 
Лекало жайылмасына арналған техникалық шарттар – орындалуы 
дайын киімнің жоғары сапасына және материалдарды үнемдеп 
жұмсауға негіз болатын ережелер. 
Жайылмаға арналған техникалық шарттарға сәйкес жұмыс 
лекалоларын қолданады; жаю кезінде түктің, жүннің бағытын, мата 
суретін, арқаужіптің бағытын, арқаужіптердің жол берілетін 
ауытқуларын және жол берілетін жалғамалардың орналасуын 
ескереді. 
Біртегіс боялған, жолақты не торлы (түксіз және реңксіз), болар- 
болмас білінетін суреті бар маталарда әрбір бұйым бөлшектерінің 
лекалоларын қарама-қарсы бағыттарда жаюға жол беріледі. Реңкті 
біртегіс боялған маталарда, сонымен қатар түкті және жүнді 
маталарда лекалоларды бұйымның барлық бөлшектері бір бағытта 
жататындай етіп жаяды. Бұл дайын күйдегі бөлшектердің түрлі 
реңтігіне жол бермейді. 
Жолақты не торлы маталарда лекалоларды жайған кезде кейбір 
бөлшектерде артынан мата суретін реттеу үшін; алдыңғы бойда – 
өңір қиығы бойынша; өңірастыларда – лацкандардың сыртқы 
қиықтары бойынша; артқы бойда – ортаңғы қиықтар бойынша; 
463


қақпақшаларда, жапсырмалы қалталарда, жапсырмалы және тілікті 
қалталардың жапырақшаларында, жағада, белдікшеде – үстіңгі және 
бүйір қиықтар бойынша көмекші қосымшалар қарастыру қажет. 
Аталған бөлшектерді пішу кезінде мата суретін реттеу үшін 
жайылмаларда суреттің жартысы, төрттен бір бөлігі немесе бір 
раппорты өлшемінде қосымшалар қарастыру қажет. 
Жайылмада лекалоларды айналдыра қоршауды, егер жайылма 
қағазда жасалса, қарындашпен немесе төсемнің үстіңгі жаймасында 
жасалса, бормен орындайды. Бұл ретте мынадай шарттар 
орындалуы тиіс: қарындаш сызықтарының қалыңдығы 1 мм-ден, 
бор сызықтарының қалыңдығы 2 мм-ден аспауы тиіс; қоршау 
сызығының ішкі жағы лекало контурымен сәйкес келуі тиіс; пішу 
кезінде лекало жайылмасында лекало қиықтарынан ± 1 мм-ден 
аспайтын ауытқулары бар бөлшектердің аса жауапты қиықтарының 
арасындағы арақашықтық 2 мм-ден кем болмауы тиіс. 
Лекало 
жайылмасын 
орындаған 
кезде 
бөлшектердің 
жиынтықтылығын және олардың бұйымның оң не сол жағына 
тиесілілігін тексеру қажет (материалды беткі жағын төмен қаратып 
төсеу тәсілінде). 
Көбінесе пішуді төсемнің үстіңгі жаймасы бойынша емес, 
лекало жайылмаларының көшірмелері – арнайы клеенкадан не 
қағаздан жасалған трафареттер бойынша жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет