арнайы киім дайындау кезінде қолданылады.
Жоғары жиілікті дәнекерлеу кезінде электр энергиясы
полимердің тұтқыр-аққыш күйге өтіп, кейіннен тіркелу үшін
жететін жылу энергиясына түрленеді. Бұл дәнекерлеуді ілгек,
жасанды теріден жасалған киімде бедерлі әрлегіш тігістер, жаңа,
манжета, синетикалық матадан жасалған ерлер ішкөйлектерінің
қалталарын дайындау үшін, киім бөлшектеріне эмблемалар мен
аппликацияларды жапсыру үшін қолданады.
Ультрадыбыстық дәнекерлеу кезінде материал ультрадыбыстық
ауытқулар әсеріне және сонымен бір мезетте металл сәуле
таратушылармен жасалатын қысымға ұшырайды, олар электр
өзгерістерін
механикалық
ауытқуларға
түрлендіреді.
Ультрадыбыстық ауытқулардың әсерімен материал беттері тұтқыр-
аққыш күйге дейін қызады да, дәнекерленеді.
Ультрадыбыстық
дәнекерлеуді
термопластикалық
талшықтардан жасалған тоқыма материалдарды біріктіру үшін
қолданады.
Құрама біріктіру қандай да бір екі біріктіру әдісін, мысалы
жіптік және дәнекерлік әдістердің қосындысы болып есептеледі
және ол негізінен қорғаныш киімдері мен арнайы киімдерді
дайындау кезінде қолданылады.
Әртүрлі конструкциядағы құрама тігістерді адамды агрессивті
ортадан қорғауға арналған арнайы киімдерді дайындау кезінде
пайдаланады. Жіптік тігім мен дәнекерлеу қолданылатын құрама
тігістер жоғары беріктік мен тұмшалылыққа ие, бірақ қаттылығы
тым жоғары. Құрама тігістердің ені дәнекерленетін материалдармен
толтырылған дәнекерлеу сызығының еніне, желіммен толтырылған
арақашықтыққа немесе тұмшалау таспасының еніне байланысты
болады. Жіптік тігімдегі инешаншым саны, тігімнің біріктірілетін
бөлшектерден арақашықтығы, тігіс ені мен қалыңдығы бұйымның
міндетіне, қолданылатын материалға сәйкес белгіленеді және
техникалық сипаттаманың тиісті бөлімдерінде көрсетіледі.
Тойтармалы қосылыстарды фурнитура – түйме, батырма,
тойтармалы түйме, баутесік, ілмек және т.б. бекіту үшін қолданады.
Конструкциясы мен технологиясына байланысты тойтармалы
қосылыстар баспақта механикалық тәсілмен немесе термиялық
тәсілмен орындалады, ол кезде пластмасса тойтарманың өзегі ішкі
жағынан жылудың әсерінен бастиекке пішіні өзгеріп, тиянақталады
(1.11-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: