1.5.
1.135
-сурет. Ерлер пиджагының бөлшектерін қатырмалау үшін желімдік
іштік материалдарды қолдану
Көйлек-блузка сұрыпталымындағы бұйымдарда өңірастына
арналған желімдік іштікті өңірасты қиықтарымен бірдей
өңірастының иық және ішкі жиектерінің бойымен пішеді немесе
оны 0,7...1 см-ге қысқа етіп жасайды.
Бөлшектерді
баспақтарда
қатырмалау
технологиялық
режимдерге сәйкес жүргізіледі, олар, өз кезегінде, матадағы талшық
құрамына байланысты.
КИІМ БӨЛШЕКТЕРІН БІРІКТІРУДІҢ ДӘНЕКЕРЛІ
ЖӘНЕ ҚҰРАМА ТӘСІЛДЕРІ
Термопластикалық
таспалы
материалдардан
(пластифицирленген поливинилхлорид, полиэтилен, полиамид)
плащ, жамылғы және басқа да бұйымдарды дайындау кезінде
бөлшектерді біріктіру ультрадыбыс немесе жоғары жиілікті
қондырғыларда
дәнекерлер
арқылы
жүзеге
асырылады.
Бөлшектерді дәнекерлеп біріктіруді жылулық және қысым әсерімен
орындайды, оның нәтижесінде дәнекерленетін материалдар оларды
біріктіру орындарында балқиды. Жылуды бұрып, қысымды
азайтқаннан кейін балқытпа қатайып, ажыратылмайтын қосылыс
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: