Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет78/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

126


1.6.
 
1.11-кесте. Бекітпе қосылыс түрлері
Бекітілетін фурнитура
Бекітпе қосылыстың 
графикалық кескіні
Ескерту
Түймелер
 
Саңылау тілінбейді
Бастырмалар
 
Саңылау алдын ала 
тілінеді
Бекітпелер
 
»
Баутесік, құйма 
льюверстер
 
Саңылау алдын ала 
тілінеді
Баутесік, люверстер
 
Сол сияқты
Құйма түймелер
 
 
Саңылау тілінбейді
Құйма бекітпелер
Сол сияқты
Ілмектер мен ілгектер
»
Тұйық бекітпелер 
(құйма)
 
»
 
ТІГІН БҰЙЫМДАРЫН ЫЛҒАЛДЫ ЖЫЛУМЕН 
ӨҢДЕУ
 
 
1.6.1. 
Ылғалды жылумен өңдеуге 
арналған жабдықтар мен құрылғылар
 
Тігін бұйымдарын ылғалды жылумен өңдеу деп бөлшектерді не 
бұйымдарды арнайы жабдықтың көмегімен ылғалмен, жылумен 
және қысыммен арнайы өңдеу түсініледі. Киім дайындау кезінде 
ЫЖӨ бұйымды өңдеудің барлық еңбек сыйымдылығының 
15...25%-ын құрайды
127
1.6.


(бұйым мен мата түріне байланысты). 
Ылғалды жылумен өңдеу 
процесішілік (бұйымды өңдеу процесінде жүргізіледі) және ақырғы 
(дайын өнімді әрлеу кезінде) болады. 
Бұйымның сапасы, сыртқы түрі көбінесе тігу процесінде де, 
соңғы әрлеуде де ЫЖӨ-ге байланысты болады. Ылғалды жылумен 
өңдеу бұйым бөлшектеріе көлемді-кеңістіктік пішін беру үшін 
қолданылады. 
Бүкіл ылғалды жылумен өңдеу процесі үш кезеңнен тұрады: 
талшықты ылғалмен және жылумен жұмсарту; белгілі бір пішін 
беру; алынған пішінді ылғалды жою арқылы бекіту. Ылғалды 
жылумен өңдеуді үтіктеу (үтікпен), баспақта баспақтау және булау 
(булы баспақтарда, бу-ауалы манекендерде) арқыл орындайды. Жіп 
ілмекөрімінің тығыздығына қарай әртүрлі маталар ылғалды 
жылумен өңдеуден әрқалай өтеді. 
ЫЖӨ-ге арналған жабдықта электрлік, электрлік-булы және 
бумен жылытуы болуы мүмкін. Маталар мен басқа да 
материалдарды ЫЖӨ режимдері қолданылатын жабдықтың түріне 
байланысты. Үтік пен баспақтың әсер ету ұзақтығы техникалық 
шарттарда лавсанды жүн маталар үшін 0,5 м тігіс ұзындығына, ал 
басқа материалдар үшін 0,25 м тігіс ұзындығына көрсетіледі. 
Егер үтіктер қолданылса, үтіктейтін бетті жылыту 
температурасы 5... 10°С-қа жоғарылауы мүмкін. Үтіктеу 
операцияларында салмағы 2...4,6 кг үтіктерді пайдаланады. 
ЫЖӨ-ге арналған жабдықтар негізгі бес топқа бөлінеді: әмбебап 
баспақ жабдығы; арнайы баспақ жабдығы, үтіктегіш үстелдер; 
үтіктер; көмекші жабдықтар. 
Баспақтарды қолдану (1.136-сурет) еңбекті көп қажет ететін 
ЫЖӨ операцияларын механикаландыруға, еңбек өнімділігін 
арттыруға, өңдеу сапасн жақсартуға және орындаушылардың 
еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет