Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет81/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

131


 
 
1.137
-сурет. СУ-ОК үтіктегіш үстелі
1.138
-сурет. СУ-ОП үтіктегіш үстелі
132


қан. Көмекші жастықшаның да дәнекерлеу конструкциясы бар және 
ол жеңдер мен иық тігістерін айыра үтіктеуге арналған. 
Өңделетін бұйымдардың астыңғы бөліктерін ұстап тұруға 
арналған үстелше техникалық матадан қапталған имек түтіктен 
жасалады
.
УЭП электр-булы үтігі үтіктегіш үстелдің негізгі жұмыс органы 
болып табылады. Үтік табанының температурасы термореттегішпен 
реттеледі. 
Үтіктегіш үстелдің жұмыс істеу принципі келесідей. Желіге 
қосқан кезде кернеудің берілгені туралы сигнал беретін шам 
жанады. Бұйымды үтіктегіш жастықшаға жаяды. Үтіктеуді үтікпен, 
бір мезетте өңделетін бұйымды үтік жастықшасы арқылы келетін 
бумен ылғалдай отырып жүргізеді. 
Вакуумдық 
сору 
педалін 
басқан 
кезде 
(үстелді 
орталықтандырылған соруға қосқан кезде) вакуумдық қақпақша 
ашылады да, бұйым кептіріледі. 
УП-13 М автоматты бу қондырғысы СУ-1 Пл үтіктегіш 
үстелдерін бумен қуаттауға арналған. Қондырғы бу шығаруға 
арналған 
орталықтандырылған 
қондырғылары 
жоқ 
тігін 
кәсіпорындарында қолданылады. 
Вакуумдық қондырғы үтіктегіш жабдық тобын орталықтан 
вакуумдық сорумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады (10...12 
бірлік). Вакуумдық сору ылғалды жою және жартылай 
фабрикаттарды ылғалдау үшін қажет. 
1.139
-сурет. Үтіктегіш үстелдер-бу генераторлары бар үтіктеу желісі
133


Үтіктерді бұйымды дайындау процесінде, сол сияқты соңғы 
әрлеу процесінде оны ылғалды жылумен өңдеу үшін қолданады. 
Жылыту тәсіліне қарай үтіктер булы, электрлік (1.140-сурет) және 
булы-электрлік үтіктер болып бөлінеді. Тігін өнеркәсібінде тілімді 
не шиыршықты жылыту элементтері бар электрлік үтіктер кең 
қолданысқа ие. Ылғалды жылумен өңдеудің температуралық 
режимін сақтау термореттегіші бар үтіктердің арқасында жүзеге 
асырылады. Өнеркәсіпте әртүрлі материалдардан киім дайындау 
кезінде шиыршық-түтікті жылыту элементтері бар үтіктер 
пайдаланылады. Түтікті жылыту элементі үтіктің үтіктейтін бетінің 
100...250°С температураға дейін тез әрі біркелкі жылуын 
қамтамасыз етеді, термореттегіштің көмегімен қажетті температура 
сақталады. Әртүрлі операцияларды орындаған кезде бір-бірінен 
салмағы, өлшемі мен қуаттылығы бойынша өзгешеленетін үтіктерді 
қолданады. 
1.140
-сурет. Үтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет