одан кейін көктелген тігімді алып тастайды да, қайталама
баспақтауды үтік басқыш арқылы ылғалдай отырып, 10...40 с
жүргізеді.
9.
Тігістерді, бөлшек жиектері мен қатпарларды айыра
үтіктеуді, баса үтіктеуді және бастыра үтіктеуді үстелде немесе
шұғамен қапталған және үсті ақ мақта-мата кездемемен қапталған
арнайы қалыптарда орындау қажет.
10.
ЫЖӨ кезінде теңіз толқыны, көгілдір, ашық сұр және ақ
түсті маталарға ерекше көңіл бөлу қажет, себебі осы түстерді алуға
көмектесетін бояғыштар жоғары температуралардың әсеріне тым
сезімтал.
Штапельдік, вискозалық маталарды ылғалды жылумен өңдеуді
матаның бұзылуына әкелуі мүмкін созуға жол бермей, барынша аз
ылғалмен жүргізеді. Барқыт, жартылай барқыт және мақпалдан
жасалған бұйымдарды ылғалды жылумен өңдеуді арнайы
құрылғының көмегімен немесе бұйым бөлшектерін не бөліктеін
үтік табанының қыздырылған бетінің бойымен жылжыту арқылы
орындайды.
11.
Мата мен трикотаж жаймалардан жасалған бұйымдарды
ЫЖӨ-дің ең үздік нәтижелеріне технологиялық буды пайдаланатын
және артық ылғалды соратын баспақтар арқылы қол жетеді. Булау
үстіңгі не астыңғы жастықша арқылы үстіңгі жастықша толық
түспей бөлшекті ылғалдау үшін жүргізіледі. Егер жастықшалар
жабық болса, онда булау желімдік материалдарды қолдана отырып,
түйіндерді қалыптастырған не өңдеген кезде ғана орындалады.
Булы үтіктермен жұмыс жасаған кезде бумен ылғалдауды үтік
алға қозғалған кезде ғана жүзеге асыру қажет. Үтік кері қозғалған
жағдайда бу өшіп қалады да, үтіктегіш үстелдің не бөлшек
өңделетін қалыптың жұмыс беті арқылы ылғалды сору қосылып
кетеді.
12.
Тігін бұйымдарын соңғы ЫЖӨ-ді бу-ауалы манекенде
орындау қажет, ол болмаған жағдайда матаны алдын ала ылғалдай
отырып, үтікпен не баспақпен орындау керек. Бұл ретте жиектер
мен тігістерді түзеледі, бұйымның талап етілген пішіні алынады,
кедір-бұдырлар, қымталған жерлер, жылтырақ іздер және т.б.
жойылады.
13.
Соңғы ЫЖӨ-ден кейін дайын бұйымдар бу-ауалы манекенде
кептірілуі тиіс немесе бұйымға берілген пішін толық бекігенге
дейін ілінген күйде салқындатылуы тиіс (жүн маталардан жасалған
бұйымдарды 20...25 минут, жібек және мақта-матадан жасалған
бұйымдарды 10...15 минут кептіреді).
14.
Ылғалды жылумен өңдеу белгіленген режимдерге сәйкес
жүргізілуі тиіс. Режимдердің сақталмауы бракқа әкеледі: жылтырақ
Достарыңызбен бөлісу: