Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет82/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

134


 
 
 
 
1.141
-сурет. Қалыптар
Декатирлерді матаны тығыздау, жұмсақтығын көбейту және 
өңдеу мен пайдалану процесінде отыруына жол бермеу мақсатынды 
бумен өңдеу үшін қолданады. 
ЫЖӨ орындаған кезде еңбек өнімділігін арттырып, бұйымды 
өңдеу сапасын жақсарту үшін әртүрлі құрылғылар қолданылады: 
қалыптар, бүріккіштер мен үтік басқыштар. 
Қалыптар (1.141-сурет) қол үтіктерімен жұмыс жасаған кезде 
пайдаланылады. Олардың пішіндері мен өлшемдері оларда 
орындалатын операциялардың сипатына сәйкес келуі тиіс. 
Жекелеген 
операцияларды 
орындау 
үшін 
белгілі 
бір 
материалдармен жұмыс жасаған кезде шұғамен қапталған 
қалыптарды қолданады. 
Матаны дымқылдағыштар – бүріккіштер – су-құбыр желісінен 
де, сол сияқты сорғылы арнайы кіші бактан да жұмыс жасай береді. 
135


1.6.2. 
Ылғалды жылумен өңдеу режимдері
 
Әртүрлі материалдар ЫЖӨ-ге әрқалай жауап қайтарады. Бұл 
реакция талшықты құраммен, ширату дәрежесімен, ілмекөрім 
(матадағы) түрімен, өңделетін бөлшектердің қалыңдығымен және 
т.б. байланысты. Сондықтанн материалдың қасиеттерін сақтай 
отырып, талап етілетін сапаны қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін 
арттыру үшін өңдеу режимін таңдап, оны қатаң сақтау өте маңызды 
болмақ. 
Ылғалды жылумен өңдеу режимі 
деп температура, ылғалдық, 
қысымның әсер ету ұзақтығы және олардың өзара байланысы 
сияқты факторлардың мәні түсініледі. 
Өңдеу процесін тездететін қажетті фактор ылғалдау болып 
табылады. Бұл ретте ылғал мөлшері материал түріне байланысты 
болады және сумен ылғалдау кезінде ауа-құрғақ күйде материал 
салмағының 20...30%-ын және бумен ылғалдау кезінде 3...6%-ын 
құрайды. 
Артық ылғал өңдеу ұзақтығын ұлғайтады, еңбек өнімділігін 
азайтады, жылтырақ іздердің пайда болуына ықпал етеді, сапаны 
нашарлатады. 
Материалды ол өз қасиеттерін өзгерте алатын температураға 
дейін біркелкі жылыту зор маңызға ие. Бұл температура 
талшықтардың жылуға беріктігіге байланысты болады. Жүн 
талшықтар үшін ол 130...135°С, мақта мен зығыр талшықтар үшін 
120 °С-тан аспайды, жібек талшықтар үшін 150...170°С, вискозалық 
талшықтар үшін 120...130°С, ацетатты талшықтар үшін 95...100 °С, 
полиэфирлік талшықтар үшін 60...170°С тең. 
Материалдарды 
ұсынылатын 
температурадан 
жоғары 
температураға дейін жылыту беріктігі мен тозуға төзімділігін 
жоғалтуға, түсінің өзгеруіне және тіпті материалдың бұзылуына 
әкеледі. 
Үтістегіш беттің жартылай фабрикатпен жанасу ұзақтығы 
өңделетін материалдың қасиеттеріне және осы материал бөлшегінің 
қалыңдығына байланысты белгіленеді. Негізгі пішін өзгерту 
алғашқы 2 с жылыту кезінде жасалатыны белгілі. Баспақтарда 
жылыту температурасын реттеу уақыт релесі арқылы, ал үтіктерде 
термореттегіш және жұмыс сапасын көзбен қарап бағалау арқылы 
жүзеге асырылады. 
Баспақ қысымы материалдың қасиеттерімен байланысты. Орта 
есеппен ол (0,2.1) • 10

Па құрайды. Қысымның асып кетуі 
жылтырақ іздердің пайда болуына әкеледі. 
Алынған пішінді бекіту үшін материалдан ылғалды шығарады, 
ол үшін оны материалға ыстық ауаның немесе қыздырылған будың 
136


әсерімен кептіреді және салқындатады. 
Ылғалды жылумен өңдеу үтіктеу (үтіктің көмегімен), баспақтау 
(баспақтың көмегімен) және булау (бу-ауалы манекеннің 
көмегімен) арқылы орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет