Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


-кесте. Қол жұмыстарының терминологиясы



Pdf көрінісі
бет45/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

1.5-кесте. Қол жұмыстарының терминологиясы
Операция
Операцияның сипаты
Қолданылу саласы
Көктеу
Ауданы жағынан шамамен 
бірдей екі бөлшекті 
белгіленген сызықтар не 
көшірме тігімдер бойымен 
уақытша инешаншыммен 
біріктіру
Сметывание боковых и 
плечевых срезов, перед- 
них и локтевых срезов 
рукавов и т. д.
Бастырып көктеу
Бірі екіншісінің үстіне 
қойылған екі бөлшекті 
уақытқа инешаншыммен 
біріктіру
Алдыңғы бойды бүйір 
төсемеге, өңірастын 
өңірге көктеп тігу және 
т.б.
Айнылдара 
көктеу
Қақпақшаларды, 
өңірлерді, жағаны құрас- 
тырып, 
айналдырғаннан 
кейін айналдыра көктеу
63


1.5-кестенің жалғасы
 
Операция
Операцияның сипаты
Қолданылу саласы
Бүгіп көктеу
Қатпар бөлшегінің 
бүктелген жиегін, 
бүкпесіндерді уақытша 
инешаншыммен бекіту
Пиджак етегін, жең ұшын, 
шалбар етегін және т.б. 
бүгіп көктеу
Жиектеп торлау
Бөлшек қиығын немесе 
тілік жиектерін сетінеудің 
алдын алу мақсатында 
орнықты инешаншым- 
дармен жіппен бекіту
Ашық тігістердің, 
ілгектердің және т.б. 
қиықтарын жиектеп 
торлау
Қосып көктеу
Ұсақ бөлшекті ірі 
бөлшекпен немесе негізгі 
емес бөлшекті негізгі 
бөлшекпен уақытша 
инешаншымдар арқылы 
уақытша біріктіру
Манжетаны жеңге, 
қақпақшаларды қалта 
сызығына қосып көктеу
Қондыра көктеу
Екі бөлшекті сопақ 
сұлбасы бойынша уақытша 
инешаншымдар арқылы 
уақытша біріктіру
Жағаны мойын 
ойындысына, жеңдерді 
қолтық ойындысына 
қондыра көктеу
Жайып көктеу
Тігіс немесе қатпар 
әдіптерін екі жаққа 
бөлшектеу және оларды 
уақытша 
инешаншымдармен бекіту. 
Бұйым астарын жең 
жеңдер қондыра тігілетін 
тігістерге жайылма 
тігімдермен бекіту
Әдіптерді тігістер мен 
қатпарларға жайып 
көктеу, қолтық 
ойындысын жайып көктеу
Астарлап тігу
Бір бөлшектің бүктелген 
жиектерін екіншісіне 
немесе сол бөлшекке 
орнықты 
инешаншымдармен бекіту
Жең ұшын, бұйым мен 
астар етегін астарлап тігу
Жапсыра тігу
Бір бөлшекті екіншісіне, 
фурнитураны және сәндік 
элементтерді орнықты 
инешаншымдармен бекіту
Түймелері, ілмектерді, 
батырмаларды және т.б. 
жапсыра тігу
Қопсыта тігу
Бөлшектің жиектеп 
торланған және айналдыра 
көктелген шетін орнықты 
бекітілетін 
материалдардың ішінде
Қақпақша, бүйір, жаңа, 
пиджак етегінің жиектерін 
және т.б. қопсыта тігу.
 
64


1.5-кестенің соңы
 
Операция
Операцияның сипаты
Қолданылу саласы
орналасқан жасырын 
инешаншымдармен бекіту 
және әрлеу
Жатық ілмектеу
Екі бөлшекті тігіс аса 
білінбес үшін тігіс 
орнында орнықты 
жасырын 
инешаншымдармен 
біріктіру
Әдіптерді қайып тігетін 
тігістерді жатық ілмектеу 
(әйелдер пальтосы мен 
костюмдерінде)
Торлап тігу
Екі бөлшекті орнықты 
жасырын инешаншымдар 
арқылы суретін сақтай 
отырып қиықтармен тығыз 
біріктіру
Бөлшектердің әртүрлі 
жалғамаларын торлап тігу
Ерлер, әйелдер мен балалар киімдерін дайындау бойынша қол 
жұмыстарын орындау кезінде келесідей техникалық шарттарды 
сақтау қажет. 
1.
Қосымша сызықтарды (өңір мен жаға бұрыштарын, әрлегіш 
тігімдерді жөрмеу сызықтарын) бормен сызуды көмекші лекалолар 
немесе сызғыштар бойынша жүргізеді. Бор сызықтарының 
қалыңдығы 0,1 см-ден аспауы тиіс. 
2.
Лекалолар бойымен пішімін тексерген кезде бор сызығының 
ішкі жағы лекалоның контурларымен сәйкес келуі тиіс. 
3.
Бөлшек кертпелері мен қима сызықтардың ұштары тігім 
сызығына дейін 0,1...0,15 см дейін жетуі тиіс. 
4.
Бұйымды өлшеп көруге дайындау және уақытша тігімдерді 
орындау кезінде ширатылған мақта-мата иірімжібін, сондай-ақ 
тиісті нөмірдегі түрлі түсті не ақ жіптерді қолдану керек. 
Бөлшектерді көктеуді, егер онсыз сырып тігу қиын болса 
орындайды: екі бөлшектің бірін қондырмамен біріктіру кезінде, 
бөлшектерді фигуралы жиектермен сырып тігу кезінде, түзу және 
фигуралы сызықтарды бөлшектердің ортасына және біріктіру 
тігістерінің бойымен ығыстыру кезінде. 
5.
Көктеуді жеңілдетіп, тездету үшін және орындалатын 
операцияның сапасын жақсарту үшін, бүкпелерді, қатпарларды, 
фигуралы қиығы бар бөлшектерді, бүйір қиықтарды, артқы бой не 
алдыңғы 
бой 
бөліктерін 
және 
т.б. 
қиықтар 
бойымен 
түйреуіштермен дестелейді. Барқыт, шифон және басқа да жұқа 
маталардан жасалған бұйым бөлшектерін жиі инешаншымдар 
арқылы сырып тігу сырғып кетпес үшін, 0,5 арақашықтықпен екі 
65


тігіммен көктеледі. Көктеу тігімдерінің арасында сырып тігеді. 
Бөлшектерді белгіленген сызықтар немесе жатқызып салынған 
жіптер бойымен дәлдеп түйрейді және көктейді. 
6.
Барлық көктеу жұмыстары, көктейтін тігімдер одан әрі өңдеу 
кезінде машина тігімдерінің үстіне тап болмас үшін, бор сызығынан 
бөлшек қиығына қарай 0,1... 0,15 см арақашықтықта орындалады. 
7.
Көктейтін тігім ұштарын бір-екі кері инешаншыммен 
бекітеді. 
8.
Көктеген жіптерді алып тастау үшін оларды әрбір 10...15 см 
сайын қайшымен қиып тастап, одан кейін матадан тартып алу 
қажет. 
9.
Орнықты қол инешаншымдары мен тігімдерін орындаған 
кезде түсі материалдың түсіне сәйкес келетін жіптерді қолданады. 
Жүн матадан және мақта-матадан бұйым дайындаған кезде № 
50...80 мақта-мата жіптері, жібек мата бұйымдары үшін —№ 65...75 
жібек жіптері, жасанды және синтетикалық мата бұйымдары үшін 
—№ 60...80 мақта-мата жіптері қолданылады. Сәндік бөлшектерді 
сәндік түсіне сәйкес жіптермен тігеді. Өтпелі саңылауы бар 
түймелерді түйменің түсіне сәйкес жіптермен, ал тіктемесі бар 
түймелерді матаның түсіне сәйкес тігеді. 
10.
Иненің нөмірлері матаның қалыңдығына және орындалатын 
операцияның сипатына сәйкес келуі тиіс. 
11.
Инешаншымдардың ұзындығы 1.6 және 1.7-кестелерде 
көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі тиіс. 
12.
Ішкі тігімдердің ұштарын 2-3 инешаншыммен бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет