93
2.33 -сурет. Пакеттерді импорттау
•
system (жүйе) — барлық модельденетін жүйені білдіретін пакет.
Қасбеттер мен бітеуіштер күрделі пакетті көрсетуді оңайлату үшін
пайдаланылады. Жүйені модельдеу үдерісін бөлшектеп байланыстыру
үшін бітеуіштер жүйені жекелеген пакеттерге бөлуге мүмкіндік береді.
Пакеттерге import стереотипі (2.33-сурет) қолданымды. Стереотип
пакеттер арасындағы өзара іс-қимыл үдерісін модельдеу пайдаланылады.
Стереотип «тəуелділік» типті байланыс үшін көрсетіледі. Бұл ретте, егер
пакеттің ішінде public қолжетімділік атрибутымен класс болса, онда бұл
класс басқа пакетке экспортталатын болып есептеледі. Класты пакетке тек
бір кластың екіншіге тəуелділігін көрсеткен кезде ғана экспорттауға
болады. Импорттау байланысының болуы, кластың импорты жұпты
құратын бір пакеттен екіншіге жүзеге асырылатынын білдіреді
2.33-суретінде SERVICE пакеті екі класты импорттайды ADO::
GеtCоnnесtiоn, ADO::GеtRесоrds. INFOSYSTEM пакеті SERVICE пакетінің
кластарын импорттайды, бірақ ADO пакетінің кластары оған қолжетімсіз,
оларды пайдалану үшін импорттау қажет.
Пакеттер арасында «жалпылау» типті байланыстарды құруға болады.
Жалпылау кезінде пакет тек p u b l i c ж ə н е p r o t e c t e d қолжетімдік
атрибуттерімен таңбаланған кластар ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: