Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет46/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
7 7.8.
ФОТОКАМЕРАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕЖЕЛЕР
Цифрлық дабылдарды өңдеуге қабілетті жаңа технологиялар енгізу тұтыну нарығында цифрлық дабылдарды өңдеуге қабілетті цифрлық фото және бейне камералардың пайда болуына ықпал етті. ( 7.16. сурет).

7.16-сурет. Цифрлық камералар



7.17. сурет. Фототехникаға күтім жасау құралдары

Енді оларсыз графикалық кескін немесе клип жасау мүмкін емес. Олардағы кескін флеш- жадыға немесе дискке жазылады, содан соң компьютерге көшіріледі және қаралады, монитор экранында редакцияланады. Мұндай техника ұқыпты қарауды талап етеді. Бейне камераны пайдаланғанда қолдарыңызды әрқашан таза және құрғақ ұстауға тырысыңыз.
Бұл құрылғылар тек құрғақ жайларда ғана емес, олардан тысқары да пайдаланылатындықтан, камераның оны ауа райы қолайсыздығынан және механикалық ықпалдан қорғайтын қабы болуы тиіс.
Егер камераға ылғал тисе және ішіне кіріп кетсе, оны дереу сөндіріңіз, аккумуляторын шешіңіз, камераның құрғақ орамал немесе салфеткамен (микрофибралық салфетканы пайдаланған дұрыс) сүртіңіз. Егер камера ұзақ мерзім пайдаланылмаса, оны шаң мен кірден тазартып, аккумуляторын шешу, камера мен объективті қақпақпен жабу қажет. Аккумулятор толық зарядталған күйі қалмауы тиіс — оны кезең-кезеңмен зарядтап тұру қажет.
Фототехниканы жайда бөлме температурасы және қалыпты ылғалдылық жағдайында сақтайды. Камераның батареялардың жанында немесе тік күн сәулеснің астында жатуына жол берсеңіз. Электрмагниттік өрістер оған теріс ықпал етеді.
Қиын қол жететін жерлер, мысалы, жады картасы қойылатын слот, мақта таяқшаларымен немесе түгі жоқ салфетканың бұрышымен тазартылады. Қазіргі кезде оптиканы және камераның корпусын тазарту үшін арнайы жиынтықтар сатылады (7.17. сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет