Рисунок 7.8. Жүиелік блока құру нұсқалары дискілерді, аналық платаны басқа құрылғыларды қосу барысында пайда болатын кернеу шайқалуларынан қорғау үшін қажет. Кезең-кезеңмен жүйелік блокты шаңнан тазартуды жүргізу қажет. Ол үшін жүйелік блокты ашады және тұрмыстық шаңсорғыштың көмегімен шаңды алып тастайды. Бұл ережелердің орындалмауының жалғыз себебі компьютерде орнатылған кепілдемелік қызмет көрсету пломбаларының болуы мүмкін, мұндай жағдайда бұл процедураны орындау үшін кепілдеме орталығының мамандарына жүгіну қажет. Компьютердің жұмыс барысында монитор корпустарына, жүйелік блок және клавиатураға бағытталған статикалық электрдің токтары аталған жабдықтарға жанасу барысында разрядқа әкеп соқтыруы мүмкін. Олар адамға үлкен қауіп тудырмайды, алайда компьютерді істен шығаруы мүмкін. Статикалық электр токтарының шамасын төмендету үшін ауаны жергілікті және жалпы ылғалдау пайдаланылады, еденді антистатикалық қанықпамен жабу пайдаланылады. Одан өзге, компьютерлер бар жайларда шылым шегуге болмайды. Егер осы ережелер сақталса, техника ұқыпты пайдаланылса және профилактикалық жұмыстар мезгілімін орындалса, жабдықтың қызмет уақытын ұзартуға және оны жөндеуге жұмсалатын қаржыны үнемдеуге болады. ПРИНТЕРЛЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА БАСЫП ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Дербес компьютерде жұмыс істеу тек клавиатурадан ақпарат енгізуді ғана емес, оны форматтауды, редакциялауды және электрондық тасымалдаушыларда сақтауды, сондай-ақ оны қағазға шығаруды да қарастырады. Құжаттарды және басқа ақпаратты басып шығару принтер секілді құрылғылардың көмегімен іске асырылады. Қағазының көлемі А3 форматынан асатын үлкен форматты түрлі таблицалар, кестелер мен кескіндерді плоттерлерден шығарған дұрыс. Принтерлер — бұл ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы. Басып шығару принципі бойынша принтерлер матрицалық, бүріккіш және лазерлік болып бөлінеді. Матрицалық принтерлерде (7.9-сурет) кескін электр магниттермен іске қосылатын инелер жиынтығынан тұратын баспа қалпақшамен қалыптастырылады. Қалпақша көп рет парақ бетімен көлденең қозғалады, мұның барысында инелер қажет сәтте қағазға бояу жолақ арқылы соғып, нүкетелерден кескін қалыптастырады.
Принтердің жұмыс механизмін 1964 жылы японияның SeikoEpson корпорациясы ойлап шығарған. Қазіргі кезде мұндай принтерлерге сұраныс төмен. Матрицалық принтерлердің негізгі кемшілігі төмен жылдамдық және шудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Бұл шу тарсылдатқыш инелер мен басқа механикалық бөліктердің болуы есебінен пайда болады. Оның деңгейі 65 дБ жетуі мүмкін, ұзақ ықпал барысында адамның жай-күйіне теріс әсер етуі ықтимал. Сондықтан матрицалық принтер ДЭЕМ пайдаланушының жұмыс орынына жақын орналаспауы тиіс. Мұндай құрылғының жеке жайда орналастырылғаны немесе шуды жұтып қоятын қалқалармен оқшауландырылғаны дұрыс. Әсіресе, аса көп ақпарат басып шығарылатын жағдайда бұл аса маңызды. Бүріккіш принтерлердің (7.10. сурет) кең таралуы басып шығарудың жоғары сапасымен және графикалық кескіндерді орындау барысындағы қимыл жылдамдығымен түсіндіріледі.