Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет41/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

КЛАВИАТУРАНЫ ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Клавиатура (7.5. сурет) - бұл компьютердің ең төменгі конфигурациясына кіретін, ақпаратты енгізу құрылғысы. Ол болмаса ДЭЕМ-дегі мәтінді редакциялау мүмкін емес, сондықтан ол ұқыпты пайдалануға лайық.

7.5-сурет. Дербес компьютердің клавиатурасы

Сүйеніш құрылғысы еңіс бұрышын 5-тен - 15°- қа
ауыстыруға мүмкіндік береді. Клавиатура және тінтуірмен жұмыс барысында қолдарды дұрыс орналастыру жұмыс қолайлылығын қамтамасыз етеді: шынтақ столдың бетіне параллельді және 90° бұрышпен орналастырылады, білезік бүгілген күйде болмауы тиіс. Клавиатураны үстел шетінен 10... 30 см. қашықтықта орналастырады. Клавиатурадағы клавиштер жеңіл басылуы тиіс, басуға ең төменгі қарсылық 0,25 Н шегінде болуы тиіс. Клавиштерді бар күшпен басудың қажеті жоқ: біріншіден, бұл артық физикалық шығын, екіншіден, бұл құрылғының қызмет мерзімін едәуір қысқартады. Клавиатурада жұмыс істеу барысында тырнақтардың ұзын болмауы тиіс, өйткені олар клавиштердің арасына кіріп кетуі, сөйтіп жарақаттануға ықпал етуі мүмкін.
Клавиатураға ауыр заттар қоюға болмайды, клавиштерді карандашпен, қаламмен немесе өзге заттармен баспаған орынды. Клавиатураны арнайы спиртті салфеткамен жиірек сүртіп тұрған дұрыс. Осылайша, біріншіден, клавиштердегі кір тазарады, екіншіден, осы клавиатурамен жұмыс істейтін басқа пайдаланушыларға түрлі тектегі бактериялар мен микроорганизмдерді тасымалдау мүмкіндігі жойылады.
Одан басқа, клавиатураның үстінде карандаштардың ұшын шығаруға, қағаз қиюға, құжаттардан қағаз түйреуіштерін алуға болмайды, өйткені ұсақ металл заттардың, қиқымдардың, қағаз жапырақтарының немесе сұйықтың клавиштердің арасына түсіп кетуі мүмкін. Егер сұйық клавиатураға түссе, компьютерді дереу сөндіру қажет. Содан кейін сұйық ағып кетуі үшін, клавиатураны аудару және кептіру керек.
Кезең-кезеңмен клавиатураны шаңнан тазарту қажет. Ол үшін шаңсорғышты немесе көлемі шағын қалыпты бояу шашағын пайдалануға болады. Егер біршама уақыт барысында компьютерде жұмыс істемеу жоспарланып отырса, клавиатураны қаппен немесе полиэтилен пленкамен жауып қойған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет