96
жағынан көрсетіліп, шығару нәтижелері оң жағынан көрсетіледі.
Операцияны жүзеге асыратын тетік (адам немесе автоматтандырылған
жүйе) блокқа астынан келетін доға түрінде ұсынылған (4.1. сур.).
SADT әдіснамасының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – үлгіні
көрсететін диаграммаларды жасау шамасында бөлшектеудің көп
деңгейін бірте-бірте енгізу.
SADT-үлгісін құру бүкіл жүйені қарапайым құрамдас – бір блок
және жүйеден тыс функциялары бар интерфейстерді білдіретін доғалар
түрінде көрсетуден басталады. Жалғыз блок бүкіл жүйені
біртұтас
ретінде сипаттайтындықтан, блокта көрсетілген ат ортақ болып
табылады. Бұл интерфейстік доғалар үшін де ақиқатты – олар жүйенің
сыртқы интерфейстерінің толық жинағын ұсынады.
Содан кейін жүйені бірыңғай модуль ретінде сипаттайтын блок
басқа диаграммада интерфейстік доғалармен қосылған бірнеше
блоктардың
көмегімен
бөлшектенеді. Бұл блоктар бастапқы
функцияның негізгі қосалқы функцияларын көрсетеді. Осы бөлшектеп
байланыстыру қосалқы функциялардың толық жинағын айқындайды,
олардың әрқайсысы шекарасы интерфейстік
доғалармен анықталған
блок түрінде берілген. Осы қосалқы функциялардың әрқайсысы егжей-
тегжей суреттеу үшін осыған ұқсас бөлшектеп байланыстырылуы
мүмкін. Барлық жағдайда да әр қосалқы функция бастапқы функцияға
енетін элементтерді ғана қамтуы мүмкін. Бұдан басқа үлгі қандай да
бір элементтерді алып тастай алмайды, яғни бас блок және оның
интерфейстері мәнмәтінді қамтамасыз етеді. Оған ештене қосуға
болмайды, одан ештенені алып тастауға болмайды.
SADT үлгі күрделі объектіні блок түріндегі құрама бөліктерге
бөлетін ілеспе құжаттамасы бар диаграммалар сериясы болып
табылады. Негізгі
блоктардың әрқайсысының
бөлшектері басқа
диаграммалардағы блоктар түрінде көрсетілген. Әр егжей-тегжейлі
диаграмма одан да жалпы диаграммадан блокты бөлшектеп
жинақтау болып табылады.
4.1 сур. Функционалды блок және интерфейстік доғалар
97
4.2 сур. Бастапқы деңгейдің функционалды диаграммасы
Бөлшектеп жинақтаудың әр қадамындағы жалпы диаграмма
егжей-тегжейлі диаграмма үшін бас диаграмма болып аталады.
Блокқа кіретін және одан жоғары деңгей диаграммасында шығатын
доғалар төменгі деңгей диаграммасына кіріп, одан шығатын доғалар
сияқты, өйткені блок пен диаграмма жүйенің бр бөлігін білдіреді.
Бас диаграммадан келетін және
одан кететін нұсқарларды
символдар мен сандарды пайдалана отырып нөмірлейді. Символ
байланыс түрін білдіреді: І –кіріс, С – басқарушы, М-тетіктер, R-
нәтижелер. Сан – жоғарыдан төменге қарай және солдан оңға қарай
санай отырып, бас блоктың тиісті жағындағы байланыс нөмірі. Барлық
диаграммаларды бір-бірімен блоктарды иерархиялық нөмірлеу арқылы
байланыстырады: бірінші деңгей – А0, келесі - А1, А2, ..., А11, А12,
А13 және т.б., мұндағы «А1» - бас блок нөмірі, ал «1» бас блоктың
нақты қосалқы блогының нөмірі. Егжей-тегжейлеуді
тағайындалуы
тапсырыс берушіге де, әзірлеушіге де түсінікті функцияларды алғанда
аяқтайды. Осы функцияларды табиғи тілді немесе жалған кодтарды
пайдалана отырып, сипаттайды. Диаграммалар иерархиясын құру
процесінде барлық нақтылайтын ақпаратты тіркейді және деректер
сөздігін құрады, онда диаграммаларда көрсетілген деректер құрылымы
мен элементтерін анықтайды. Осылайша, нәтижесінде бір-біріне
сілтемелері бар функционалдық диаграммалардың иерархиясынан,
төменгі деңгей функцияларын сипаттаудан
және сөздіктен тұратын
ерекшелікті алады.
SADT-диаграммаларда реттілігі де, уақыты да көрсетілмеген. Кері
байланыстар,
итерациялар,
жалғасатын процестер мен қайта
жабылатын (шақ бойынша) функциялар доғалардың көмегімен де
көрсетілуі мүмкін. Кері байланыстар түсініктер, ескертулер, түзетулер
және т.б. түрінде болуы мүмкін.
Студенттерді қабылдау мен алудың ақпараттық жүйесіне арналған
функционалдық диаграммасын құру мысалын келтірейік. 4.2 суретте
көрсетілген диаграмма жоғары деңгей диаграммасы болып табылады.
А0
98
4.3
с
ур.
Н
өлд
ік
д
ең
ге
й
ф
ун
кц
и
он
алд
ы
қ
ди
аг
ра
м
м
ас
ы
(б
ұд
ан
толы
қ н
ұс
қа
)
99
4.4.
сур.
Б
ас
та
п
қы
д
ең
ге
й
ді
ң
ф
ун
кц
и
он
ал
ды
д
и
аг
ра
м
м
асы
—
«
Қ
ұж
атта
рд
ы
қ
аб
ы
лд
ау ж
ән
е
рә
сі
м
де
у»
100
Онда жүйе үшін бастапқы деректер болып не табылатыны және
қандай нәтижелер күтілетіні анық көрінеді.
Нөлдік деңгейдің
функционалдық диаграммасында (4.3 сур.). А0бас блогы А1, А2, А3,
А4функционалдық блоктарға бөлінген. Өз кезегінде А1 блогы бірінші
деңгейдің функционалдық диаграммасында А11, А12, А13, А14 төрт
еншілес блок түрінде берілуі мүмкін (4.4 сур.).
Достарыңызбен бөлісу: