101
4.1 Кесте
Түсінік
Йордан нотациясы
Гейн-Сарсон нотациясы
Сыртқы мән
Жүйе, қосалқы жүйе
немесе процесс
Деректер
жинақтауышы
Процесс деректердің кіріс ағынын белгіленген алгоритмдерге
сәйкес шығыс деректерге түрлендіру болып табылады.
Процесс
әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін: бқл кіріс құжаттарды
өндеуді және есептерді қалыптастыруды орындайтын ұйымның
бөлімшесі (бөлімі), бағдарлама, аппараттық жүзеге
асырылған
логикалық құрылғы және т.б. болуы мүмкін. Процесс нөмірі оны
сәйкестендіру үшін қызмет етеді. Ат өрісінде процестің атауы
енгізіледі, бұл ретте «өндеу», «жаңғырту» немесе «түзету» сияқты
етістіктерді пайдалану осы процесті жеткілікті түрде толық
түсінбеуді
білдіріп, одан басқа талдауды талап етеді. Нақты іске
асыру өрісіндегі ақпарат осы процесті ұйымның қандай бөлімшесі,
бағдарлама немесе аппараттық құрылғы орындап жатқанын
көрсетеді.
Деректер жинақтауышы кез келген сәтте жинақтауышқа қоюға
болатын және кейбір уақыттан кейін алуға болатын, бұл ретте қою
және алу тәсілдері кез келген болуы мүмкін,
ақпаратты сақтауға
арналған абстрактілі құрылғы болып табылады. Деректер
Достарыңызбен бөлісу: