218
Fc-рецепторлары
бар
екендiгi
көрсетiлген.
IgЕ
молекуласының
эозинофилдермен
байланысы
жасушаның
белсенденуіне,
яғни
дегрануляциясына әкеледi.
Жергiлiктi кез-келген аллергиялық серпiлiс ошағында ең бастапқы
кезеңдерiнен
бастап
аяғына
дейiн
эозинофилдердiң
шоғырлануы
байқалады. Әсiресе, бұл жасушалар айқын экссудациялық қабынумен
көрiнетiн аллергиялық серпiлiстерде анықталады. Бұл қан тамырдың
өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы гистаминге және т.б. биологиялық белсендi
заттарға (ББЗ) байланысты.
Эозинофилдер осы ББЗ қызметтерiмен
өндiрiлуiн реттейдi.
Бiрiншiден, олар мес жасушалар мен базофилдердiң
дегрануляциясын
тежейтiн бiрнеше факторларды өндiредi. Екiншiден,
эозинофилдер ББЗ-
ды
бiрқатар,
бiрiншi
кезекте
гистаминаза,
арилсульфатаза
ферменттердiң қатысуымен ыдыратады.
Дегрануляция кезiнде IgЕ үшiн арналған Fc-рецепторы арқылы
эозинофилдер көп мөлшерде ББЗ бөледi.
Солардың iшiнде
липидтер туындысы, бронх және қан тамыр
тарылтатын, бронхтарды iсiндiретiн, шырыш өндiрудi көбейтетiн және
тромбоциттердiң агрегациясына қатысатын, мес жасушалары мен
эозинофилдердiң белсендiлiгiн арттыратын бiрiншiден,
тромбоциттердi
белсендiретiн факторлар.
Липид туындысының басты тобы
арахидон қышқылының өнiмдерi –
простагландиндер мен лейкотриендер болып саналады.
Эозинофилдер бөлетiн
лейкотриен С4 бронх және қан тамырдың
тарылтуымен қоса, тамыр өткiзгiштiгiнiң жоғарлауын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: