Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет202/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   296
жоғарылатады
олардың 
кеңеюiн 
тудырып
тегiс 
салалы 
бұлшықеттердiң жиырылуын арттырады. Бұл құбылыстарды күштi 
қабыну медиаторы TNF-

 күшейтедi. TNF- нейтрофилдердiң, тағы басқа 
лейкоциттердiң эндотелий қабатынан өту қабiлетiн жоғарылатып, 
қабынуды тұрақтандыруына көмектеседi.
Гистамин, жүйке ұштарына әсер етiп, қышынуды тудырады. 
Бөлiнген ферменттер дәнекер тiндерінің нәруыздарын ыдыратады.
Атопиялық аллергиялардың патогенезiнде комплемент жүйесi 
қатыспайды. 
 Медиаторлардың екiншi тобы үрдіске 8-12 сағат өткен соң 
қатысады.


217 
Әсерленген мес жасушалары мен базофилдер лейкотриендер, 
простагландиндер және тромбоциттердi белсендендiретiн фактор 
түзiп шығарады. Медиатордың бұл тобы атопиялық серпiлiстiң кеш 
кезеңiн туындатады.
С4, D4, Е4 лейкотриендер тегiс салалы бұлшықеттердiң ұзақ 
жиырылуын тудырады, қан тамырдың өткiзгiштiгiн жоғарылатады, 
шырыштың бөлінуін белсендіреді. 
D2 және Е2 простагландиндерi бронхоспазм, шырыштың бөлiнуін 
арттырады, тромбоциттердiң агрегациясын және қан тамырдың кеңеюіне 
әкеледі. 
Тромбоциттердi белсендiретiн фактор да осындай аймақты әсер 
етедi, 
липидтiк 
медиаторлар 
өндiрiлуiн, 
мес 
жасушалары 
мен
эозинофилдердi 
белсендiредi, 
эозинофилдер 
мен 
тромбоциттерге 
хемоаттрактанттар болып табылады. 
Үшiншi топ медиаторлары - бұл цитокиндер (ИЛ-3, ИЛ-4, ИЛ-5, 
ИЛ-13, ГМ-КСФ және тағы басқалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет