Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Осылайша эозинофилдер атопиялық аллергиялық серпiлiстер



Pdf көрінісі
бет206/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   296
Осылайша эозинофилдер атопиялық аллергиялық серпiлiстер 
дамуының түрлi кезеңдерiнде белсендi түрде қатысып отырады. Бiр 
жағынан, олар аллергияның клиникалық көрiнiсiнiң пайда болуына және 
дамуына әсер етедi, ал екiншi жағынан осы көрiнiстердi бәсеңдетуі 
мүмкiн және қабыну серпiлiсiнiң ошағын тазалауға көмектеседi. 
Соңғы мәліметтер бойынша бұл қызметтер уақыты бойынша 
ажыратылған және де эозинофилдердің әр түрлі субпопуляцияларымен 
атқарылуы 
мүмкін. 
Аллергиялық 
серпілістің 
алғашқы 
кезеңінде 
эозинофилдердің қабыну алды қызметі басым болады, ал соңғы кезеңінде 
– қабыну үрдісінің тежеуіне бағытталған қорғаныстық қызмет атқарады.
Атопияның зертханалық диагностикасы 
 Күмәндi аллергенмен терiiшiлiк сынама, 15-30 минуттан соң
серпiлiсті анықтау. 
 Праусниц-Кюстнер сынамасы. Денi сау, өзi келiскен адамға терi 
iшiне науқастың сарысуын енгiзедi. 12-24 сағаттан соң осы жерге күмәндi 
аллергендi енгiзiп, 15-30 минуттан соң серпiлiс нәтижесiн көредi. Науқас 
сарысуындағы IgE сау адамның терiсiнiң мес жасушасындағы Fc-
рецепторға жабысады. Осы жерге аллергендi енгiзгенде, аллерген мес 
жасушаның 
бетiндегi 
IgE-нiң 
Fab-фрагментiмен 
байланысып 
мес 
жасушаның дегрануляциясына әкеледi, қабыну серпiлiсiнiң пайда болуына 
ықпал етедi. 
 Зертханалық 
жануарлардың 
мес 
жасушалары 
мен 
базофилдерiнiң дегрануляциясы (теңiз шошқасының, тышқанның мес 
жасушалары, қоянның базофилдерi). Жануардың қанынан немесе құрсақ 
iшiндегi сүйықтығынан жасушаларды бөлiп алып, физиологиялық 
ерiтiндiмен 
суспензияны 
жуып, 
белгiлi 
мөлшердегі 
суспензияны 
дайындайды. Осы жасушалардың суспензиясына науқастың сарысуын 
құяды, бiр сағат инкубацияланғаннан соң күмәндi аллергендi қосады. 15-
30 минуттан соң тiршiлiгiн жоймай бояумен бояп, микроскоп астында 
дегрануляцияны бақылайды.  
 Радиоаллергосорбенттiк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет