Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-лимфоциттер рециркуляцияға



Pdf көрінісі
бет26/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   296
Т-лимфоциттер рециркуляцияға шыққан уақытта ағзаның iшкi 
ортасының генетикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылау 
жүргiзедi. Егер де (гипотездi) ағзаны тиiмдi жағдайға отырғызса 
(антигендердiң ағзаға кез-келген жолдармен түсуi шектелсе), бұл кезде де 
иммундық жүйе керек. Себебi, ағзада үнемi жасушалардың бөлiнуi жүредi, 


30 
бұл үрдiс өкiнiшке орай, тиiмдi емес, өйткенi жасушалардың бөлiнуi 
кезiнде мутантты жасушалар түзiледi, ал олардың көбiсi жойылмай, 
ақаулы ұрпақ бередi. Спонтанды мутацияның жиiлiгi 10
-6
, яғни әрбiр 
миллион жасушалардың бөлiнуiнде 1 мутанттық жасуша түзiледi. 
Адамдар мен сүтқоректiлерде тәулiгiне орта есеппен, үнемi бөлiнетiн 
жасушалардың саны 10
12
-10
13
, яғни ағзада тәулiгiне орта шамамен 1-ден 10 
млн. дейін мутантты жасушалар түзiледi. Эволюция үрдiсi кезiнде күрделi 
көп жасушалық ағзалардан тұратын сүтқоректiлер мен адамдар даму үшiн 
жасушалардың 
бөлiнуiн 
қадағалайтын 
жүйе 
керек 
болған, 
ол 
иммунитеттiң Т-жүйесi болып табылады. Сөйтiп, Т-жүйенiң және 
иммундық жүйенiң жалпы ең басты қызметi - ағзаның iшкi ортасының 
генетикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылауды жүзеге асыру 
және өспелi, мутантты жасушаларды жою. Экзогендiк антигендерге 
(жұқпалы және жұқпалы емес) қарсы жауап осы негiзгi қызметтiң 
нәтижесi болып табылады.
 
Иммундық жауап 
Иммундық жауап – антигендi тануға, байланыстыруға, әлсiздендiруге, 
ыдыратып және ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жүйенiң 
арнайы кешендiк серпiлiсi. Арнайы иммундық серпiлiстер гендiк бөтен 
ақпараттарды тасымалдаушыларға қарсы бағытталады. Мысалы: вирус, 
бактерия, басқа да жұқпалы агенттер, iсiк жасушалары мен гендерi ұқсас 
емес ағза, бөгде нәруыздар, полиқанттар және т.б. антигендер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет