Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет27/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Механизмi бойынша иммундық жауаптың келесi түрлерiн ажыратады: 
1. жасушалық
2. гуморалдық; 
3. аралас немесе жасушалық-гуморалдық. 
 


31 
2-ші сурет. Лимфоциттердің миграциясы және рециркуляциясы
 
Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтедi, бiрақ 
иммунитеттiң немесе жасушалық, немесе гуморалдық тiзбегi басымырақ 
болады.
Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелерi шектелiп емес, бiр-
бiрiмен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Иммундық жауапта әдетте 
барлық иммундық жасушалар (Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және 
антигенді таныстырушы жасушалар) қатысады және де әрбiр жасуша өз 
қызметiн атқарады. Антигендi тану және жасушалық немесе 
гуморалдық жүйенiң, жиi екеуiде бiрдей, iске қосылуы, аталған үш 
жасушалардың бiр-бiрiмен әрекеттесуi арқылы жүзеге асады. Бұл 
үрдiстi иммунды хабарлы жасушалардың кооперациясы деп атайды.
В-лимфоциттердiң негiзгi қызметi – ағзаға түскен антигендерге қарсы 
антиденелердi түзу. Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – 
иммуноглобулиндер. Антиденелер иммундық жүйенiң шеткi мүшелерiнде 
түзiледi, одан қанға түсiп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен 
тiндерге таралады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпiлiсiн жүзеге асырады, олар 
сонымен қатар, антигендердi тануға және жасушалық, гуморалдық 
иммундық жауаптардың басталуына және реттеуiне қатысады. Т-
лимфоциттер иммунологиялық төзiмдiлiктiң қалыптасуына және оның 
сақталып тұруына ықпал етедi, Т-лимфоциттерден иммунологиялық зерде 
жасушалары  қалыптасады. Егер де ағза антигенмен екiншi рет кездесетiн 


32 
болса, онда зерде жасушалардың иммундық жауаптың жылдам 
қалыптасуына қабiлетi болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет