Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет90/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   316
IV
 
б
 
1.81-сурет. Тегістеу схемалары (а-в)
121
 


Тіс бейіні бетінің бұдырлық класын көтеру және беру жұмысы 
барысында шуды азайту үшін, термиялық өңдеуден кейін дөңгелек 
тістерін жануыштауды қолданады. Тісті жануыштауды қырғанға 
ұқсас білдекте, жану осі мен өңделетін дөңгелек қиылысу 
барысында, бірақ радиалды беру механизмінсіз орындайды. Бұл 
ретте орталыққа орналастырылған тісті дөңгелек, айналдырудан 
басқа, өз осі бойымен қайтымды ілгерілеме қозғалыс жасайды.
Тісті жануыш дегеніміз, пластмассадан жасалған және қажақпен 
шаржыланған, түйіршіктілігі әдіп шамасына (0,025...0,05 мм) және 
бет бұдырлығы класының талаптарына байланысты геликоидті 
дөңгелек болып табылады.
Жаншуыштауды өңделетін дөңгелек тістер мен жануыш 
арасындағы тұрақты қысым кезінде керіп немесе орталық 
арасындағы арақашықтық өзгеріссіз болғанда дөңгелек пен 
жануышты саңылаусыз ілу тәсілімен орындайды. Бірінші тәсіл 
нақтылығы жоғарырақ тісті дөңгелектерді өндіреді. Тісті 
жануыштауды тіс бейінінің өңделетін бетінен металл шаңын тиімді 
кетіру үшін, 1,25.6 мм модульді түзу тісті және қисық тісті 
дөңгелектерді, сондай-ақ оны екі жақтан қорғалған және бөшке 
тәрізді тістері бар дөңгелектерді өңдеу үшін, қатты суыта отырып 
орындайды.
Тісті жануыштау жылдамдығы (бір тістің) 1.5 м/с, ұзақтығы 1... 
1,2 с, бет бұдырына қол жеткізетін класс 10, 11, тісті жонуышының 
төзімділігі 18-20 мың тісті дөңгелектерді құрайды.
Тісті дөңгелектердің тістерін ысқылауды термиялық өңдеуден 
кейін арнайы білдектерде орындайды, онда ысқылағыштар - 
өңделетін тісті дөңгелекпен іліністегі шойын дөңгелектер аспап 
қызметін атқарады. Ысқылағыштарды ұсақ қажақты ұнтақтың 
маймен қоспасымен майлайды.
Ысқылау әдісі арқылы тісті дөңгелектерді әрлеу дегеніміз, 
өңделетін дөңгелекті осьтері өзара қиылысқан үш ысқылағыш 
арасында жүргізеді (1.82-сур.). Ысқылағыш білдек сүмбісіне 
орнатылған өңделетін тісті дөңгелек 3 сонымен бірге 1, 2, 4 шойын 
ысқылағыштарымен іліністе болады. Шиыршықты немесе түзу тісті 
1 және 4 екі ысқылағыш осьтері өңделетін тісті дөңгелекке 3 иілген. 
Үшінші ысқылағыштың 2 осі өңделетін тісті дөңгелектің осіне 
параллель, осы ысқылағыш тісті екі жағынан тегіс өңдеуді 
қамтамасыз ету үшін, әртүрлі бағытта 30...60 м/мин жылдамдықпен 
кезек-кезек айналдырылады. Айналдырудан басқа ысқылағыштарға 
минутына 60-70 мин барысында 25 мм осьтік бағыттағы қайтымды 
ілгерілемелі қозғалыс беріледі. Өңделетін тісті дөңгелектің айналым 
жылдамдығы 30...60 м/мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет