Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет91/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   316
122
 


1.82-сурет. Тісті дөңгелектерді 
ысқылау әдісімен өңдеу
Тіс бетіне түсетін ысқылағыш қысымы сүмбілерді тежеу арқылы 
екі ысқылағышты реттейді. Өңдеу нақтылығы бастапқы шеңбер 
ұзындығы бойынша 0,02 мм, қадам бойынша - 0,01 мм және бейін 
бойынша - 0,08 мм, бет бұдырлығына қол жеткізу класы 10-шы. Бір 
тісті өңдеу уақыты шамамен 3...6 с құрайды.
Заманауи машиналарда қозғалысты тоқтатпастан машина 
жұмысының үрдісі кезінде ауыстыратын тісті дөңгелектерді жиі 
қолданады (білдек, автомобиль жылдамдығының қорабы және т.б.). 
Тісті дөңгелектерді ауыстыру барысында ұруларды жою мен 
жиектерінің үгілісін болдырмас үшін тісті жұмырлайды - тістерді 
тіс жұмырлайтын білдектерде арнайы жонғыштармен жұмырлайды. 
Өңдеу кезіндегі тісті дөңгелектегі жұмырланатын тіс бейіні 1 мен 
аспаптың қозғалыс траекториясы 1.83, а сур. көрсетілген. 1.83, б 
суретінде дөңгелек тістерін жұмырлауға арналған жонғыш 
конструкциялары берілген: саусақ жонғыштары 1 мен басты 
жонғыш 2.
Жүзін алу және қылауларды жоюды өңделетін дөңгелек тісінің 
түріна сәйкес бейіндері бар қажақты шеңберлері бар білдектерде 
орындайды. Айналу тістерді шеңбер орамдары бар ілісімге кіргізу 
арқылы орындалады. Өндіріс ауқымы үлкен болған кезде, 
қылауларды алу көп позициялы білдектерде орындалады.
Мөлшері кіші тісті дөңгелектерден қылауларды ультрадыбыс 
көмегімен алады. Осы тәсіл барысында қылауларды алып тастаудан 
басқа, тістің өңделген бетіне әсер етпестен, үшкір жиектерді 
тегістейді. Қылауларды атанақта жұмырлау арқылы алу тәсілі 
кеңінен тарап келеді, және, сәйкес толтырғыш пен атанақ 
айналымының жиілігін таңдай отырып, тістер бейінін бұзбастан 
тістерді жақсылап тазалауға қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет