Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет27/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113
Мультимедиялық пернелер комьютерде әдеқайда жиі қолданылатын қызметтерді орындауға, танымал қосымшаларды ашу және ДК күйін басқаруға арналған. Мысалы, осындай пернелер көмегімен дауыс деңгейін реттеу, почталық бағдарламаны немесе калькуляторды ашу, операциялық жүйе терезесін бүктеу немесе қайта ашу, компьютерді күту немесе ұйқы режимдеріне қою және т.б.
Компьютерді басқару құрылғыларының (пернетақта және тінтуір) көптеген заманауи өндірушілері тұтынушыға ДК басқару мүмкіндіктері көп құрылғыларды ұсынуға тырысады.
Мониторлар. Монитор (дисплей) – мәтіндік және графикалық мәліметтерді көзбен көруге арналған стандартты шығару құрылғысы. Қызмет ету қағидасына байланысты мониторлар төмендегідей бөлінеді:
Электронды-сәулелік түтігі бар монитор; ■ Сұйық кристалды дисплейлер; ■ газоплазмалық.
Электронды-сәулелік түтігі бар монитор теледидарға ұқсайды. Электронды-сәулелік түтік әйнек колба түрінде электрондық-вакуумды құрылғы болып саналады, қылтасында электронды түтік, түбінде – люминофор қабатты экран. Қыздырған кезде электронды зеңбірек электрондар ағынын түзеді, олар жоғары жылдамдықпен экранға қарай қозғалады. Электрондар ағыны (электронды сәуле) фокустайтын және итеретін орама арқылы өтеді, ол электронды ағынды экранның люминофор жабынының белгілі бір нүктесіне бағыттайды. Электрондар әсерінен люминофор қолданушы көретін жарықты береді. Люминофор электрондар ағынының әсерінен кейін сәулелену уақытымен сипатталады. Электронды сәуле экранды солдан оңға қарай және жоғарыдан төмен қарай сызғылап өте тез қимылдайды. Экран бойымен қозғалыс кезінде сәуле кескін шығатын люминофор қабатының қарапайым аумағына әсер етеді.
Сәуле қарқындылығы ұдайы өзгеріп, экранның қажет аймақтарының сәулеленуін қамтамасыз етеді. Сәулелену өте тез жоғалатындықтан, электрондық шоқ экранды қайта қалпына келтіріп, үздіксіз жүгіріп жүруі қажет.
Сұйық кристалды дисплейге (Liquid Crystal Display – LCD) жарықсыз тегіс экран және электр энергиясын пайдаланудың өте төмен қуаты тән (5 Вт). Онымен салыстырмалы түрде электронды-сәулелік түтікшелі монитор 100 Вт (сурет - 1.24) электр энергиясын пайдаланады.
Сұйық кристиалды дисплейдің үш түрі бар:
пассивті матрицалы монохромды;
■ пассивті матрицалы түрлі-түсті; ■ белсенді матрицалы түрлі-түсті.
Сұйық кристалды дисплейде поляризациялық сүзгі екі түрлі жарықтық толқындар жасайды. Жарықтық толқын сұйық кристалл ұяшық арқылы өтеді. Әр ұяшықтың өзінің түсі бар. Сұйық кристалдар сұйықтық секілді аға алатын малекулалардан тұрады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электрлік заряд әсерінен малекулалар өз бағдарын өзгертеді.
Бейтарап матрицалы сұйық кристалды дисплейлерде (СКД) әр ұяшықты электрлік заряд (кернеу) басқарады, ол экран матрицасындағы бағандар мен жолақтардағы ұяшықтардың орналасуымен сәйкес транзисторлық сұлба арқылы беріледі. Ұяшық келіп түскен кернеу импульсіне әрекеттеседі.
Белсенді матрицалы дисплейде әр ұяшық өзінің жеке транзисторлық кілтімен жабдықталған.

Бұл пассивті матрицалы дисплейге қарағанда көріністің әлдеқайда жарқын болуын қамтамасыз етеді, өйткені әр ұяшық импульстік емес тұрақты электрлік өріс ықпалында әрекет етеді. Сәйкесінше белсенді матрица энергияны көп пайдаланады. Оның үстіне әр ұяшық үшін жеке транзисторлық кілттің болуы өндірісті қиындатады да олардың бағасы жоғары болады.
МатрицаLCD-монитордың маңызды бөлігі, ол түгелдей көрініс сапасына әсер етеді (сурет - 1.25).
Көп жағдайда СК-мониторларда екі түрлі жабын қабаты қолданылады: жалтырақ және күңгірт (антиблик). Жалтырақ жабын визуалы түрде жақсы көрініс береді. Түстер қанық және айқынырақ көрінеді. Дегенмен осындай жабынды мониторлар кіршең және жарықтану дұрыс болмаса жарқылдар және шағылыс көрініп тұрады. Күңгірт жабында түсетін жарықтың шашырауы арқасында жарқылдар болмайды, өте жарық жерде жұмыс жасағанға өте ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет