285
ПРОЕКТ
§51.
1. Біздерге таныс атомның құрамдас бөлшектері
электрон
,
протон
және
нейтрон
элементар бөлшектер
деп аталады. Элементар бөлшектер
қатарына
фотон және анти-бөлшектер
де кіреді. Электронның анти-бөл-
шегін
позитрон
, ал протонның антибөлшегін
антипротон
деп атайды.
Олар бір-бірінен зарядтарының таңбасымен ғана ерекшеленеді. Мысалы,
электронның бір теріс элементар заряды бар болса (
е
–
), позитрон бір оң
элементар зарядты иеленеді (
е
+
). Дәл осылай протон (
р
+
) бір оң элементар
зарядты, ал антипротон (
р
–
) бір теріс элементар зарядты иеленеді. Ал
олардың массалары бірдей болып келеді.
Өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшекті
элементар бөлшек
деп атайды.
Элементар бөлшектер қатарына фотон және нуклондар мен электрон-
дарды және басқа да бөлшектерді қосқанымызбен, олардың қаншалықты
элементар екенін дәл басып айта алмаймыз. Бір кездері молекулалар-
ды, одан кейін атомдарды
дүниенің бөлінбейтін кірпіші
, яғни
элементар
бөлшегі
деп айтқан болатын. Ал қазір элементар бөлшектер қатарында
олардың антибөлшектерін қоса есептегенде 400-ден аса бөлшектер бар.
2. Элементар бөлшектерді жіктеп топтастырудың көптеген түрлері
қарастырылуда. Олардың күрделі түрлері жоғары сыныптар мен оқу
орындарында таныстырылады. Төменде элементар бөлшектерді бес па-
раметр бойынша жіктеудің түрлеріне қысқаша тоқталамыз. Мұндай па-
раметрлерге бөлшектердің тыныштық
массасы
, электр
заряды
, айнал-
малы қозғалысы
импульсінің моменті
(қысқаша
спині
деп аталады),
Достарыңызбен бөлісу: