Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


«гармониялық тербеліс, еріксіз тербеліс», «амплитуда, период, жиілік»



Pdf көрінісі
бет111/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   219
«гармониялық тербеліс, еріксіз тербеліс», «амплитуда, период, жиілік», 
«маятник», «резонанс», «тербелмелі контур», «электрмагниттік тербеліс», 
«толқын», «көлденең және бойлық толқындар», «дыбыс», «жаңғырық», 
«ультрадыбыс, инфрадыбыс», «толқындар шкаласы».
Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын
тілдеріндегі минимумы
қ а з а қ ш а
О р ы с ш а
а ғ ы л ш ы н ш а
гармониялық тербеліс, 
еріксіз тербеліс
гармоническое 
колебание, вынужденное 
колебание
Harmonic
oscillation,
forced oscillation
амплитуда, период, 
жиілік
амплитуда, период, 
частота
Amplitude, period,
frequency
маятник
маятник
Pendulum
резонанс
резонанс
Resonance
тербелмелі контур
колебательный контур
Oscillating circuit
Электрмагниттік тербеліс
Электромагнитное 
колебание
Electromagnetic
oscillation
толқын
Волна
Wave
көлденең және бойлық 
толқындар
Поперечные и 
продольные волны
Transverse and
longitudinal waves
дыбыс
звук
Sound
Жаңғырық
Эхо
Echo
ультрадыбыс, 
инфрадыбыс
ультразвук,
инфразвук
Ultrasound,
infrasound
толқындар шкаласы
шкала волн
Scale of waves


159
ПРОЕКТ
§27.
 
тЕрБЕЛМЕЛі ҚОЗҒАЛЫС
1.
Бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын қозғалыстар
тербелмелі қозғалыстар (қысқаша тербелістер) 
деп аталады.
Микро және мега әлемдегі қозғалыстар негізінен қайталанып отыратын 
тербелмелі қозғалыстар қатарына жатады. Мысалы, атомдардың элек-
трондары олардың ядроларын әр-түрлі орбиталар бойымен айналып 
отырады. Күн жүйесіне кіретін макроденелер де Күнді белгілі бір уақыт 
аралығында айналып шығады. Бізге ең жақын жұлдыз – Күн де 200 
миллиардқа жуық жұлдызы бар Біздің Галактиканың ядросын 180 млн 
жылда бір рет айналады.
Сол сияқты өмірлік практикада қолданыс тапқан әртүрлі механизм-
дер мен қозғалтқыштардың жекелеген бөліктері де тербелмелі қозғалыс-
тар жасайды. Адамның да, үлкенді-кішілі жануарлардың да жүрегі
дамылсыз соғып тербеледі. Домбыраға қол соғып, күйші де оның шегін 
шымырлата тербелтеді; сәбиінің бесігін тербетіп, анасы да түн ұйқысын 
төрт бөледі. Ұлы Абай да көңіл күй тербелісін: «Домбыраға қол соқпа, 
Шымырлатып бір-бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге 
жүр-жүрлеп», – деп жеткізеді. Құлагерін жоқтаған Ақан сері де: «Жел 
соқса қамыс басы майда деймін, Ат қостым ат айдаушым қайда деймін», – 
деп қамыспен бірге теңселіп егіле жылап, шерлене толқиды. Асан-қайғы 
бабамыз да Желмаясын теңселтіп, Қорқыт бабамыз да қыл қобызының 
шегін тербетіп: «Су түбінде асыл тас жел толқытса шығады, Ой түбінде 
асыл сөз шер толқытса шығады», – деп көңіл күй тебіреністерін тербеліс-
тер мен толқындарға теңейді. Бұлбұлға үн қосқан Кененнің дауысын-
да да, Ұлы Даланы тербеген Құрманғазының күйлерінде де, қазақтың 
қайталанбас сандуғашы Роза Бағланованың «мені сүйген жүрегіңнің 
лүпілінен айналайын» дейтін үнінде де табиғаттағы шексіз айналыстар 
мен тербелістердің жаңғырығы жатыр. Осы айтылғандардың барлығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет