Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


радиация немесе  иондағыш



Pdf көрінісі
бет200/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   219
радиация
немесе 
иондағыш 
сәулелер
деп атайды.
Олардың кинетикалык және электрмагниттік 
энергиялары үлкен шамаға жетеді. Сондықтан ондай бөлшектер жолын-
дағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физика-
лық қасиеттерін өзгертіп, олардың араларындағы қалыпты байланыстар-
ды үзеді. Осылайша биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де 
өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат, яғни адам мен жан-жануарлар, 
өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.
Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық 
реакторлар мен атом электрстансылары да радиацияның көзі болып 
табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа да 
бөлшектердің зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың 
сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған дене-
лердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. 
Қандай 
доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян 
немесе адам өміріне қауіпті?
деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.
4. Иондағыш сәулелерден қорғау үшін олардың өтімділік қасиетте-
рін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың 
өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.
Альфа-бөлшек
парақ қағаздан өте алмайды. Алайда адам терісінде 
қалып қойса, ішкі органдарына тыныс жолымен немесе жеген тағамы 
арқылы өтіп кетсе өте қауіпті.
Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті
үлкен. Олар адам ағзасына 


280
ПРОЕКТ
1–2 см тереңдеп ене алады. Ал бірнеше миллиметр алюминий қаңыл-ты-
ры оны толық жұтып алады.
Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті
аса күшті. Сондықтан одан қор-
ғану үшін қорғасынның немесе бетон плиталардың қалың қабаты пайда-
ланылады.
Изотоптардың 
активтілігі
(белсенділігі) деп олардың бір секунд-
та ыдыраған ядроларының санын айтады.
Активтіліктің өлшем бірлігіне 
беккерель
(Бк) алынды. Бұл бірлік 
активтілікті ашқан Беккерельдің құрметіне аталған. Мысалы, қандай 
да бір заттың 1 с ішінде 504 ядросы ыдыраса, оның активтілігі 504 Бк 
болады. Ертеректе активтілік бірлігіне кюри (Ки) алынған еді:
1 Ки = 3,7 · 10
10
Бк.
5. Тірі ағзаның радиациядан алған энергиясы мол болған сайын био-
физикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы ар-
та береді. Сондықтан радиацияның организмге беретін энергия мөлше-
рін бағалай білудің маңызы зор.
Радиацияның организмге берген энергия мөлшері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет